№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жыр жаттап, жеңімпаз атанды

Жыр жаттап, жеңімпаз атанды

Бүгінгі таңда жас жеткіншектердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлт болып ұйысуға тәрбиелеу маңызды мәселеге айналды.

Осы тұрғыда елімізде балаларды тәрбиелеудің сан түрлі әдісі қолданылып келеді. Соның бірі – «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы. Аталған байқауды «Qazaq Epos» респуликалық ағарту жобасы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастыруда. Сайысқа еліміздің кез келген өңірінен 6-10 сынып оқушылары қатыса алады. Қазіргі таңда жыр жарысына қатысу үшін республика бойынша 5621 мектептен 51 328 оқушы өтініш білдірген. Оның ішінде Қызылорда облысынан 2733 оқушы бақ сынайды.
Қызылорда облысы бойынша аудандық кезең 16 қыркүйек күні Жаңақорған ауданынан басталды. Осы аудан бойынша «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына 41 мектептен 401 оқушы қатысты. Сайысқа қатысушылар іріктеу кезеңінде «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтты. Қазылар оларды жан-жақты сынап, жырды толық жаттағандарын ғана келесі бөлімге өткізді. Екінші кезеңде оқушылар жырдың кез келген жерінен жалғастырып, көнерген сөздердің мағынасын ашты.
400-ге жуық қатысушының арасынан Көркем Жаил жетекшілік еткен №162 жалпы орта мектепің оқушысы Ерасыл Ақбай бірінші орын иеленіп, 150 000 теңгені қанжығасына байлады.  Ал №163 жалпы орта мектептің оқушылары, Ақжарқын Бабаджанова дайындаған Нұрсұлтан Икрам екінші орынға табан тіреп, 100 000 теңгенің иегері атанса, Қарақат Амангелдиеваға үшінші орын және 50 000 теңге бұйырды. Аталған оқушылар жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, облыстық ақтық сынға жолдама алды.

Маржан Құрманғалиева
19 қыркүйек 2019 ж. 1 025 0