ШИЕЛІДЕ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ
Шиелі ауданында ауыл спортшыларының XXXII «Алтын күз-2018» облыстық спартакиадасы басталды. Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-нан аса спортшы қатысуда.
Cайыс спорттың 16 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, асық ату және бес тас бойынша өтеді.
Мақсаты – бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру. Жарыс ережесіне сәйкес «Алтын күз» ойындары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – денешынықтыру клубтарындағы бұқаралық жарыстар шілде, тамыз айларында басталса, екінші кезеңі – аудандық ойындар тамыз, қыркүйек айларында өткізілді. Ал үшінші кезеңі – ақтық жарыстар 4-7 қазан аралығында өтеді.
Айта кетейік, биылғы жарыстың ерекшелігі - спорт түрлерінің қатарына асық ату мен бес тас енгізілді.
Спартакиаданы ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар 7 қазан күні анықталады. Айта кетейік, былтырғы жылы Жалағаш ауданында өткізілген спартакиада нәтижесінде Шиелі ауданының командасы жеңімпаз атанған болатын.

Пікір 2