№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛМЕН ЕТЕНЕ ЖАҚЫН БОЛУ МАҢЫЗДЫ

ЕЛМЕН ЕТЕНЕ ЖАҚЫН БОЛУ МАҢЫЗДЫ

«Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі тарауында ең алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуді міндетке алды. Осы бағытта аудан әкімі Сұлтан Мақашев елді мекендердегі негізгі әлеуметтік мәселелерді саралап, шешілу жолдарын анықтау үшін жолға шықты. Мақсат – әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындарды мазалайтын жайттарды білу.
Бұл жолы Төменарық аймағы мен Қаратаудың саясында орналасқан ауылдарды аралады. Алдымен аудан басшысы бастаған топ Сығанақ шаһарының топырағын қоныс еткен Сунақ ата ауылдық округінен бастады.
– Біздің келудегі негізгі мақсат – алдымен ақсақалдардың амандығын сұрап, ауылдағы ахуалды бағдарлап, әлеуметтік мәселелерді қағазға түсіру. Өйткені, жақын арада республикалық, облыстық бюджеттің үш жылдық жоспары бекітіледі. Әр ауылдан өзекті деген мәселелерді шешу жолдарын қарастыратын боламыз. Барлығы бірден шешіледі деуге болмайды, кезең-кезеңімен орындауға жұмыс жасайтын боламыз. Сондықтан, әр ауыл әкімдері мен қауымдастық мүшелері атқарылуы тиіс жұмыстарды маңызына қарай ұсынғаны дұрыс. Әрі, әр сайын ауыл әкімдері халыққа атқарылып жатқан жұмыстарының есебін беріп отыруы міндетті, – деп келгендегі мақсатын айтып, тұрғындардың тілегін тыңдады.
Бірден айта кету керек, ауылдағы ағайынның негізгі еңбек көзі – мал және егін шаруашылығы болғандықтан, көп ауыл аяқ суға мұқтаж. Ел электр жарығы мен балабақша мәселесінің ертерек шешімін табылуын асыға күтіп отыр.
– Ауылға ең бірінші электр желілері өте қажет. Әсіресе, Еңбек ауылында кейінгі салынған көшелерде жарық өте әлсіз. Екіншіден, аяқ су мәселесі маңызды. Ауылға төрт арық кіреді, қайта қазылу керек. Ауылға қарай қазылатын каналдың ұзындығы бес шақырымдай болады, – деді ауыл әкімі.
– Аяқ су мәселесі жобаға енгізілген болса, құжаттарын қайта қарап көреміз. Ал электр желілеріне байланысты мәселе Сыр өңіріне ортақ. Сондықтан толық ретке келтіреміз демеймін, анық-қанығын зерделеп, әрбір мәселені кезең-кезеңімен шешуге тырысамыз, – деді аудан басшысы.
Сунақата тұрғындарының тағы бір тілегі мемлекеттік балабақша бой көтерсе дейді. Қазір ауылда 150 бала балабақшада тәрбиеленуде. Бұл жөнінде аудан басшысы қажеттілікке қарай. 2013 жылы салынған 600 орындық жаңа мектептен бөлмелер беру жайын қарастырып көруді тапсырды.
Ал Екпінді ауылындағы басты мәселе көпірдің бүгінгі жай-күйі. Содан соң аяқ су мәселесі, әрине жарық мәселесі де бұл ауылды айналып өтпесі анық. Сондықтан аудан әкімі алдымен көпірді ретке келтіруден бастауды тапсырды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов жақын арада ол апатты жағдайдағы көпір жөнделетінін жеткізді. Жеңімпаз анықталып, бірер күнде көпірді ретке келтіру басталады. Алайда ауылға келетін аяқ су мәселесі қиындау. Арықтың ішінде қамыс толып, су келетін жолдар жабылған. Екпінділік ағайындар аяқ суды тездетіп шешіп берсе екен дейді.
Одан кейінгі бағыт – Қожамберді ауылдық округі. Ауылдағы басты жаңалық – спорт кешенінің іргетасының қалануы. 100 орындық спорт кешенінің құрылысын кәсіпкер Эльмира Ділматаева салуда. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асып жатқан жобаның алғашқы кірпішін аудан басшысы өзі қалады. Айта кететіні, кәсіпкер Сунақ ата ауылынан да спорт кешенін салып, биыл пайдалануға беруге ниетті.
– Біздегі басты мәселе – көше жарығы, 3 көше асфальттанған, 6 көшеде жарық жоқ. Күрделі жөндеу жүргізу үшін екі көшеге 27 млн қаржы дайын, осы мәселе биыл шешімін тапса дұрыс болар еді. Одан кейін қосалқы екі электр станциясы керек. Ал негізгі мәселе аяқ су, канал қазылуы тиіс, сметасы дайын, – деді ауыл әкімі Молдахмет Нәлібаев.
Мәселелерді алдағы уақытта қараймыз деген аудан басшысына жазушы Зейнолла Шүкіровтың қарындасы Хадиша апай ақ батасын берді.
Төменарық тұрғындары 20 орындық емхананың салынуын асыға күтіп жүр. 4 мыңнан астам халқы бар төменарықтық ағайынның басты тілегі амбулаториялық емхана мен шағын аурухана құрылысыны іргетасы қаланса дейді. Бұдан бөлек жер мәселесі, яғни, жайылымдық жерлердің дауы бітер емес. Оны аудан әкімі нақтылап, ауыл шекарасын қайта қарап, жайылымдық жерлерді мемлекет қарауына өткізуге жұмыс жасайтынын жеткізді. Төменарықта одан басқа әлеуемттік мәселелер жетерлік. Аудан басшысы барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін, тек сабыр сақтап, ауаылдағы ауызбіршілікті сақтауға шақырды.
Түс ауа аудан басшысы бастаған делегатция Сүттіқұдық ауылдық округіне келді. Аяқ су басты мәселеге айналған ауылдың бірі – Сүттіқұдық пен Манап елді мекені. Сүттіқұдық тұрғындары Сунақатаға баратын канал секілді ауылға аяқ су арығын қазып беруді жеткізді. Одан бөлек бұл ауылда да жарық, балабақша мәселесі көтерілді.
Манап және Талаптағы ағайын жайылымдық жерлерден тарығып жатқанын жеткізді. Басты күнкөріс көзі мал шаруашылығы болғаннан соң қос ауыл тұрғындары жайылымдық жердің мәселесі шешілгенін қалайды.
Бесарықтық ағайын асфальт салу, газ кіргізу, 90 орындық балабақша құрылысы, спорт кешеніне жұмыс жасаса деген тілегін жеткізді.
– Балабақшаның құжаты дайын, тек қаржысы болса болғаны. Одан кейін ауылға инфрақұрылым жасау жоспар да бар, – деген ауыл әкімі Әлібек Абдуллаевқа аудан басшысы смета жасай беруін тапсырды.
Қосүйіңкі мен Қыраш ауылдық округіндегі тұрғындар тілегі елдің тыныштығы, ауызбіршілікте болуы. Бұл ауылда да күрмеулі мәселелер жоқ емес. Әсіресе, ұялы телефон байланысы тым нашар.
Соңғы бағыт Ақүйік ауылдық округіне табан тіредік. Тіректі ауыл тұрғындарының басты мәселесі де балабақша құрылысы. Тұрғындар тілегін тыңдағаннан кейін аудан басшысы ақсақалдар батасын алып, үш ай сайын арнайылап келіп, елмен дидарласуға уәде беріп, елмен етене жақын болу маңызды екенін айтты.

                                                                                                                                                Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
10 қыркүйек 2019 ж. 816 0