№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашықтық пен жариялылықты негізге алып, елмен етене жұмыс жасауды басшылыққа алды

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашықтық пен жариялылықты негізге алып, елмен етене жұмыс жасауды басшылыққа алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы билік халықпен қоғамдық диалог құрып, ашықтық пен жариялылыққа жүгініп, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуды тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға міндеттеді. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашықтық пен жариялылықты негізге алып, елмен етене жұмыс жасауды басшылыққа алды. Мұны аудан тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесулерде байқадық.

Алдымен аудан басшысы бастаған делегация Түркістан облысымен шектесетін Көктөбе ауылдық округіне барды.
– Ауыл-ауыл аралаудағы негізгі мақсат – ақсақалдардың амандығын біліп, елдің жағдайын бағдарлау. Елді толғандырып отырған жайттарды зерделеп, шешілу жолдарын анықтау. Әрине бәрін бірден шешу мүмкін емес. Ауыл әкімдері жергілікті қауымдастық мүшелерімен ақылдасып, атқарылатын жұмыстарды маңызына қарай басымдығын айқындап, бізге ұсыну керек. Біз мәселелерді маңыздылығына қарай аудандық, облыстық деңгейде шешудің жолдарын қарастырамыз, – деп мақсат-мұратын түсіндірді әкім.
Аудан орталығынан ең қашық жерде орналасқан елді мекенде қордаланған мәселелер аз емес. Соның бірі – жол-тұғын. Бірақ жол машақаты артта қалды. Ендігі тілектері ауыз және аяқ сумен қамтамасыз ету.
– Аяқ су мәселесі толғандырады. Ескі каналдың ізі бар. Ұзындығы үш шақырым. Ертеректе мотормен су айдап әкелетінбіз. Соны тазалап, суды әкелуге болады, – деді ауыл әкімі.
– Ескі канал құжаттанған ба?
– Жоқ.
– Алдымен каналдың құжатын дайын­даңыз. Сосын дизель отынымен бе, әлде электр тогымен тиімді ме? Соны саралап, ұсыныңыз, – деді аудан басшысы.
Көктөбеде ұялы байланыс желісі дұрыс ұстамайды. Ауыл тұрғындары осыны реттеп беруді сұрады. Аудан басшысы ауылдағы мектепті көріп, жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізуді тапсырды.
Одан кейін Қандөз ауылдық огругінің тыныс-тіршілігімен танысты. «Жақсы келсе – іске» дегендей, Қандөзде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт кешенінің іргетасы қаланып жатыр екен. Сұлтан Ысқақұлы мердігер компания басшысы Әлмахан Мырзабаевқа игілікті істе сәттілік тілеп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Құрылыс алаңына ауыл тұрғандары көптеп жиналды. Әкімге толғандыратын ойларын айтып, шешіп беруін сұрады. Қандөзбен іргелес жатқан Қашқынкөл елді мекенінің тұрғыны Ұлданай Әлімбекова: «Қандөз бен Қашқынкөлдің арасы 2,5 шақырым. Мектепке 24 бала жаяу қатынап оқиды. Екі елді мекенді жалғайтын жол керек. Балаларымыз көктем, күз айларында балшыққа батып әрең барады. Аяқ су болмағандықтан жеміс ағаштары қурап барады. Осыларды шешіп берсеңіз», – деді.
Электр желісі ескірген. Соның салдарынан электр тогының күші мардымсыз. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайына әсер етуде. Әкімнің назарына осыны да салды.
– Елмен тығыз байланыс болмай іс оңалмайды. Сондықтан кент және ауылдық округ әкімдері ай сайын еркін форматта кездесіп, облыста, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар етіп, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін тұрғындардың көруіне жағдай жасауы тиіс. Кейде қаржыға байланысты емес, дұрыс көңіл бөлмеуден мәселелер туындап жатады. Ал ауылдағы мәселелерді реттілігіне, маңыздылығына қарай шешетін боламыз, – деді аудан әкімі.
Ауданның бас менеджері Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Қожакент және Өзгент ауылдық округіне арнайы барып, халықпен кездесті.
Қаратөбеліктер тіршілік көзінің үзілгелі тұрғанын, яғни жайылымдық пен егістікке байланыстыратын екі көпір апатты жағдайда екенін айтты. Ауылға спорт кешені мен медициналық нысан да қажеттілік. Мұның жарасы жеңіл. Себебі ауданға белгілі кәсіпкер, меценат Құлмағамбет Исаханов қолға алса, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешілетін жайт.
Келінтөбеде ауыз суды реттеу маңызды шаруа. Қазір сағаттап суды пайдаланады. Бірақ бей-берекетсіз. Көп үйде суды өлшейтін есептеуіш құралы (учетчик) жоқ. Бірі құрылыс жұмыстарына, бірі есік алдындағы бақшаға пайдаланады. Мұны ел ағасы Әбутәліп Қазыбеков айтты. Ауылдық округ әкімдігіне жаңа ғимарат керек. Бұл да әңгімеден тыс қалмады.
07 қыркүйек 2019 ж. 811 0