№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде декреттік демалысқа шығатын әкелер көбейген

Елімізде декреттік демалысқа шығатын әкелер көбейген

Елімізде декретке шыққан әкелер көбейіп барады. Мәселен, тек былтырдың өзінде 40 мыңға жуық отағасы әйелін жұмысқа жіберіп, өздері үйдегі бала тәрбиесімен айналысуды жөн көріпті. Сонда сырттағы жұмыстан үйдегі тірлікті биік қойған әкелер сәби тәрбиелей ала ма? Бұл ерлердің балаларына деген махаббаттарының артқандығы ма, әлде аналардың үйде отырғысы келмегені ме?
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Кобдоловтар отбасы күнделікті таңдарын серуеннен бастайды. Бұл уақытта отанасы күйеуіне бала күтімі жөнінде білгенін айтып, үйретумен болады. Өйткені екі ай бұрын ғана босанған Наталья үйден әбден шаршап, жұмысқа шықпақшы екен. Ал емізулі баласын күйеуі Александардың бағып-қағуына қалдырмақшы. Қызығы, бұл ұсынысты отағасының өзі тастапты.
«Біз ақылдасып, ұзақ ойланып, осындай шешімге келдік. Оған қоса, күйеумнің жұмысында қысқарту болады деген сыбыс шықты. Сондықтан ол жұмысынан айырылып қалмай тұрғанда, декреттік демалысқа шыққаны дұрыс болар деп ойладық. Алайда менің декретімнің уақыты бітпегенше, ойлағанымыз іске аспайтын сыңайлы», - дейді қала тұрғыны Наталья Кобдолова.
Натальяның бұлай ойлауына негіз бардай. Өйткені заң бойынша, босанғаннан кейін әйелдердің декреттік демалысы 56 күнге, ал босану процесі қиын болған жағдайда 70 күнге созылады. Тек осы уақыт біткеннен кейін ғана, әкесі мен анасы орнымен ауыса алады екен. Ал әлеуметтанушылар мұның соңы жақсылыққа апармайды, дейді.
«Еркекті намыс, қоянды қамыс» өлтіреді. Олар біреудің таңсығына қаңсық болып қарайтын жағдайда еді. Ал қазір, керісінше, біреудің қаңсығы бізге таңсық болып, соны үйреніп, ер адамдардың үйде отыруы, оның әкелік міндетін атқаруы жайында қалып, әншейін тек қарным тоқ болса, әйелімнің жалақысы көп болса деп отыра беретін жағдайға жетіп отырмыз. Оның өзі баланың тәрбиесіне үлкен зиянын тигізеді», - дейді әлеуметтанушы Ерсінбек Арынбекұлы.
Қалай болғанда да, елімізде декрет демалысына шыққан әкелердің саны жыл санап көбейіп барады. Тек былтырдың өзінде 40 мың отағасы баламен үйде отырып, әйелін жұмысқа жіберуді жөн санаған. Өйткені өзінің жалақысы аз, ал әйелі анағұрлым көп табады. Десе де, ерлердің дені мұны әлі қабылдай алмайтын көрінеді.
Десе де елімізде жоғары лауазымды азаматтардың да декрет демалысына кеткен кездері болған. Мәселен, Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев 2 жыл бұрын әке атанып, бала күтіміне байланысты декретке шыққан еді. Заң өкілінің бұл шешімі көпті әлі таңғалдыруда.
Еңбек кодексіне сәйкес, елімізде үйде баламен отырған әкелерге орташа жалақыларының 40 пайызы әлеуметтік төлем ретінде беріледі екен. Ал шетелдегі жағдай қалай? Мәселен, ерлердің декреті белең алған Испанияда айлықтың 100 пайызы төленеді екен. Швецияда әр әке, ең аз дегенде, бір айға декретке шығуға міндетті. Сондай-ақ, Ұлыбритания, Қытай, Австрия үшін де бұл үйреншікті дүниеге айналыпты.
Осылайша, «өзі үйде, әйелі түзде» жүретін ерлердің түпкі мақсаты - бала тәрбиесіне үлесін тигізу емес. Жалақысының 40 пайызын тапса да, есесіне әйелінің декретте алатын мардымсыз жәрдемақасынан әлдеқайда көп. Сондықтан бұл еріккендік я ерлердің жалқаулығы емес, барып тұрған саясат, дейді сарапшылар. Бастысы, кесірі ертең балаларына тиіп кетпесе болғаны.
09 қыркүйек 2019 ж. 807 0