Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын білдірді

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын білдірді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментініңұйымдастыруымен Облыстық жастар ресурстық орталығында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына белсенді қатыстыру және Қылмыстық процестік кодексінің 200 бабымен енгізілген ұсынысты қарау мақсатында орталық ұжымымен, жастар белсенділерімен және осы салаға жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы басшылығы, облыстық мемлекеттік органбасшылары қатысуымен талқылау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ерсейтовсыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовпен«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова жемқорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтілетіні және кешенді жоспар қабылдап, сол бойынша тиісті шаралар қабылдайтындығы айтылды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов облыс көлемінде жастармен бірлесіп жүргізіліп жатқан шараларды айтып, алдағы уақытта жастар орталықтарында, жалпы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша нақты шаралар жүргізетінін баяндады.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі
Ж.Тұсмағамбетов жоба аясындаоблыс көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді жеткізіп, жастарды жемқорлықпен пәрменді күресуге шақырды.
Кездесу соңында, жастар жемқорлық сипатындағы қылмыстың осы жастардың арасында орын алуы үлкен резонанс тудырғанын айтып, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың болдырмау мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуге атсалысатындықтарын жеткізді.

Х.Дошан.







05 қыркүйек 2019 ж. 994 0