№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еркінбек Айнақожаев қайырымдылық акциясына үлес қосты

Еркінбек Айнақожаев қайырымдылық акциясына үлес қосты

  Ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекеттің басты назарда ұстайтын бағыттың бірі – әлеуметтік сала. Мемлекет басшысы әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілген мемлекеттік көмекке баса мән беруде. Президент өзінің «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді шарасында әлеуметтік осал топқа айрықша мүмкіндіктер қарастыруды жария еткен болатын. Бүгінде мемлекет тарапынан және азаматтық қоғам тарапынан тұрмысы тұралаған отбасыларға қолдау шаралары тұрақты жүзеге асырылуда. Соның айқын бір дәлелі – қоғам тарапынан қолдау тапқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы.

Осы тұста Еркінбек Айнақожаев жетекшілік ететін «Жаңарған Жаңақорған жастары» ерікті жастары мен аудандық мешіт, «Қум сахаба», «Хисамиддин Сығанақи» мешітінің ұжымы бірлесіп, ауқымды акцияға үлес қосты. Кенттегі «Ордакент» үйінде орналасқан «Qamqor» әлеуметтік дүкенінде өткен қайырымдылық шарасына көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасы балалары келді. Оларға жергілікті демеушілер арқылы кеңсе тауарлары мен сөмке үлестірілді.
Шараның шымылдығын түрген ауданның бас имамы Садулла қажы Омаров, жаңа оқу жылы қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 20 мыңнан астам балаға қажетті оқу құралдарын үлестірету жөнінде бастама көтергенін ілге тиек етті. Осы бағытта кенттегі үш мешіттің ұжымы да Бас мүфти бастамасына үлес қосып жатқанын жеткізді.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» ерікті жастар жетекшісі Еркінбек Айнақожаев қайырымдылық акциясына үлес қосқан Данияр Досантаев бастаған «Тас тасымалы» ЖШС-нің ұжымына алғысын білдірді.
– Ерікті топ атқаратын 5 бағыттың бірі – қайырымдылық. Әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен көп балалы ана отбасыларына мүмкіндігінше қолдау көрсетудеміз. Бұл жолы кенттегі 7 мектептен әлеуметтік қызметкері арқылы шын мұқтаждарды анықтап, 90 дана мектепке қажетті құрал-сайманмен қамтамасыз еттік. Бұдан бөлек бізде осы «Qamqor» әлеуметтік дүкенінде жаңа, тап-таза мектеп киімдері де тұрмысы төмен отбасыларына тегін үлестірілуде. Бұлда болса, Жаңақорған жастарының жомарт жандарды ұйымдастыра отырып, жасап жатқан азғантай ғана жақсылығы, – деді Еркінбек Айнақожаев.
Қорыта айтқанда, мемлекет әу-бастан-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды назардан тыс қалдырған емес. Үкімет үнемі әлеуметтік жаңғыру үдерісін қолдап, жыл басынан Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді жоспары аясында тындырымды жұмыс атқаруда. Енді міне, Президент бастамасына қолдау көрсеткен «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы да тұрмысы тұралаған отбасыларға демеу болып, азаматтық ұстанымдарын іспен көрсетуде. Бұлда болса, қуанарлық жай. Өйткені, қазіргі қоғамға қайырымдылық пен жылы сөз ауадай қажет.

                                                                                                                                                   Самат ОҢҒАРҰЛЫ
31 тамыз 2019 ж. 1 354 0