№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Ныспым Нартай": Танымал журналист Жаңақорғанда

"Ныспым Нартай": Танымал журналист Жаңақорғанда


«Талдысу» тынығу лагеріндегі республикалық жастар саяси лагері өз мәресіне жетті. Үш күн бойы жер-жерден жиналған жалынды жастар басқосудан қимастықпен қоштасты. Ендігі кезекте «Жастар Отанға» республикалық жастар лагері жасотандықтарға не берді? Көшбасшы жастардың 3 күндік тренингі қаншалықты қызықты болды? Біз осыны саралап көрдік.


Бұған дейінгі мақалада жастар өңірдің тарихи орындарын аралағанын айтқан болатынбыз. Бізді қуантқаны, жас буынның өткенін білуге деген құштарлығы. Әсіресе Семей қаласынан келген Үміт Итжанова таңданысын жасыра алмады.
– Шежірелі тарихы бай Жаңақорған жерінде орналасқан тарихи орындармен танысу біз үшін жаңа дүниенің негізгі бастамасына айналып қана қоймай жәдігерлерге құрметпен қарауға сеп болды. Әрі осы көргенімізді болашақ ұрпаққа насихаттау мына біздің қолымызда екендігіне көзім жетті. Кітаптан оқып түйгенімді көзге елестеткен сол бір әдемілік өткен ғасырдың иісін аңқытқандай күйге бөледі. Мұндай орындар белсенді жас­тардың көркемдік-эстетикалық дүниетанымын қалып­тас­тырады, – дейді «Жас Отан» ЖҚ-ның семейлік белсенді мүшесі.
Тарихи құнды жәдігерлердің өмірдерегі, кесене тарихы, аңыз әңгімелерін айтып таныстыруда аудандық балалармен мәдени тәрбиелік жұмыстар орталығының басшысы, тарихшы Әлімжан Ержанов­тың еңбегі ерен. Экскурсовод қызметін атқар­ған әуесқой тарихшы ә-дегеннен жастарды тәлімі мол тарихпен қызықтыра білді.
Хош. Жастар лагерінің соңғы күні жастардың ойында несімен қалды? Бұл күнді спорттық жарыс­тармен бастаған белсенді көшбасшылар өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатындығын дәлелдеді. Топ-топқа бөлініп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Сонымен қатар осы күні республиканың әр түкпірінен жиналған жастар Қазақстан ұлттық арнасының «Мәселе» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Нартай Аралбайұлымен еркін пікір алмасу алаңында кездесті. Саяси, тарихи және жастар тақырыбында керекті мәліметтер мен түрлі сұрақтарға тұшымды жауап берген тележүргізуші жастармен ой бөлісті.
– Жастардың уақытын тиімді өткізуі үшін әр минут бағдарланып отыруы тиіс. Алға қойған мақсатқа жету жолдарын, қоғамға жаңашылдық идея енгізу жобаларын іске асыру үшін топтық жұмыс пен ұйымшылдық, ауызбіршілікті ұстанып, әрбір мәселеге дұрыс тәсіл қолдана білуі керек. Мен жастардың көзінен осыны көрдім. Кездесуде жігіттер мен қыздар түрлі сұрақтарын, пікірлерін ортаға салды, шамам келгенше жастардың ой талғамына сай жатық тілде түсіндірдім деп ойлаймын, – дейді танымал тележүргізуші.
Еркін пікір алмасудан кейін «ҚарбызFEST» ойыны жалғасын тауып, жастар бөлінген топ бойынша қарбыз жеуден жарысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тара­пынан қатысушы делегаттар арасында «Қызылорда – жастар көзімен» атты тақырыпта қайтсек туризм саласын дамы­тамыз деген ойда жастарға тапсырма берілген болатын. Қарағанды, Қызылорда, Жала­ғаш, Сырдариялық жастардың арасында өткен байқауға Қызылорда облыстық кәсіп­керлік және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің маманы Айқожа Мүбарак төрешілік жасап, сырдариялық Рахметулла Мұстафаевтың жобасы үздік деп танылып, қаржылай сыйлықпен марапатталды.
– Бұл саяси лагерьде мен көптеген білім мен тәжірибе жинадым. Осында жиған білім қорын ел игілігі үшін қолдануым керек екенін түсіндім. Маған сеніп осындай мүмкіндік берген Жезқазған гумманитарлық колледжінің басшылығына, «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалына алғыс білдіремін. Студенттік өмірім белсенділер қатарында өткені үшін қуаныштымын, – деді лагерь қатысушысы студент Айнұр Құлтаева.
Сондай-ақ, лагерь жайлы аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Нұрхан Айдаровтың да пікірін білдік.
– Бірінші кезекте жастар саяси лагерін өткізуге «Талдысу» лагері таңдалғанына біз қуаныштымыз. Лидер жастардың бел­сен­­діліктері мен әр алуан тақырыптағы қызығушылықтары таңдандырды. Қатысу­шылардың кәсіпкерлікті, инновациялық қыз­метті қолдауға, волонтерлікті дамытуға, IT технологиялар мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануға бағытталған түрлі жобаларына куә болдық, – деді Нұрхан Айдаров.
Осылайша үшінші күнді де артқа тастаған жігерлі жастар жобаның жабылу салтанатына қатысып, соңынан отшашу ұйымдастырды. Салтанатты шараға арнайы келген Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқар­масының басшысы Қуаныш Жанұзақов ерек­шелігімен көзге түскен жастарды мара­паттады. Қатысушылардың бәрі арнайы әзірленген сертификатқа ие болды.
– Ұйымдастырылған бұл лагерь өте тиімді шара деп есептеймін. Бүгінгі күнге дейін жастармен бірлесіп, көптеген шара жүзеге асырылып келеді. Өңірдің әр тұсынан келген жүзден аса жас уақытын тиімді өткізгеніне сенімдіміз. Одан әрі өсу үшін көбірек кітап оқып, шет тілдерін де жетік меңгерулеріңіз керек, – деп басқарма басшысы республикалық лагерьді сапарын түйіндеді.

Лаура БИБАСАРОВА
30 тамыз 2019 ж. 974 0