№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жастар лагері: жастарды қолдау тетігі

Жастар лагері: жастарды қолдау тетігі


Жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Қолдап қана қоймай, бағыт-бағдар беру – елдік іс. Осы орайда бастау алғанына 10 жыл болған «Jastar Otanga!» республикалық жастар лагері биыл Бесарық аулындағы облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болған жастар басқосуына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 110 жас делегат қатысты.

«Жастар жылы» аясында жалғасын тапқан дәстүрлі шараға «Jas Otan» жастар қанаты мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жастар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан, сонымен қатар NEET санатындағы жастар қатысты. Жалпы жастар лагерінің мақсаты – бүгінгі жас буынның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, дарынды жастардың ұтқыр идеялары мен жобаларына қолдау көрсету, әр аймақтан жиналған жастардың бір бірімен және белгілі танымал тұлғалармен тікелей диалог құруына ықпал жасау.
Хош. 24-тамыз. Таңалакеуіммен тынығу лагерінде жиналған жастар тіркеу орнынан өтіп, топқа бөлінді. Түскі үзіліс уақытысында тамақтанып, одан әрі екі топқа бөлініп, Сыр өңірінің жастар көшбасшысы Жандос Базартай мен облыстық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіковтың тренингіне қатысты.
«Көшбасшылық қасиеттер» атты тақырыпта тренингті жүргізген Жандос Базартай жастардың сан салада жеткен жетістіктері жайында айтты.
– Бүгінгі таңдағы жастар жыл өткен сайын кез келген салада өздерін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу үшін ең алдымен білімді, жан-жақты болуы керек. Сонда ғана жастар біздің елдің бет-бейнесі бола алады. Ертеңгі елдің экономикалық дамуы мен өсуі жастар үшін маңызды десек, бүгіннен көшбасшылық қасиетке баулуымыз керек, – деді Жандос Нұртайұлы.
Ал «Кәсіпкерлік жастар үшін» атты тақырыпты арқау еткен Жасұлан Сақтапбергенұлы жиналған жас делегаттарға өзінің кәсіпкерлік салада жеткен жетістіктерімен бөлісіп, табысты кәсіпкер болудың сырымен бөлісті.
– Жастар – Қазақстанның болашағы. Нарық заманына қарай жастарды бизнеске тартуымыз керек. Қазіргі жастар алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылатын, жігерлі және батыл. Егер оларға осындай семинар-тренингтер көптеп өткізілсе, олар бизнестің дамуына өз үлестерін қосар еді. Осылайша экономика өсіп, әлеуметтік жағдай тұрақталған болар еді, – деді Жасұлан Серіков.
Расында мұндай пайдалы тренингтер белсенді жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, өзіндік үлесін қосуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, жастар арасында жаңа патриотизмді қалыптастыруға, біріктіруге күш салуға мүмкіндік береді.
Бұл күні кешкісін «Талдысу» лагеріне жиналған Семей, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Тараз қаласынан келген жас делегаттар республикалық лагерьдің ашылу салтанатының куәсі болды.
Көп алдына шыққан Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов: «Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында: «Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! Біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» – деген болатын.
Бұл дегеніміз мемлекеттің өркендеуі жолында жастардың бар күш-жігерін аямай атсалысуы керектігін білдіреді. Оған қоса, биыл «Жастар жылы» екені баршаға мәлім. Осындай мемлекеттің қамқорлығы аясында табиғаты тұмса тау бөктерінде орналасқан «Талдысу» лагерінде облыс әкімдігінің қолдауымен тамаша басқосу өтуде. Сіздер секілді креативті жастардан біз көп үміт күтеміз» деді.
Мұнан кейін сөз кезегін «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы директоры Талғат Тілес алды.
– Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» пар­тиясының «Jas Otan» Жастар қанаты елдегі ең ірі жастар ұйымы болып табылады. Оған 165 мыңнан астам жас мүше. Бүгінгі таңда 20-дан астам жаңа жоба қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында жастар саясатын жандандыруға қатысты тың бастамалар жетерлік. Өйткені жастар мәселесі – партия жұмысындағы басым бағыттың бірі», – деді Талғат Тілес.
Жастарды ресми құттықтау соңы об­лыс­тық «ҚМУ құрамасы» жайдарман­шылары мен бишілер, аудан өнерпаз­дарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кету керек, «Жастар – Отан­ға» республикалық лагерінде бірік­кен жас лидерлер осылайша өза­ра әріптестікті нығайтып, жастар сая­сатын жандандыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырмақ.
«Jas Otan» жастар қанатының І-съезінде Тұңғыш Президенттің бас­тамасымен «Жастар Отанға» деген акция ретінде басталған жоба бұл күнде тың идеялар талқыланатын тиімді алаңға айналды. Бүгінде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен – ауылға!», «Жастар кадрлық резерві» сияқты ірі жобалар дәл осы лагерь жұмысының нәтижесінде қолға алын­ғанын айрықша атап өткен жөн.
– Ел жастарының бойында ұдайы ізденіс, асқақ арман және ұлттық мүдде болуы тиіс. Бұл – бүгінгі заман талабы. Сондықтан ізденуден, оқудан, үйренуден жалықпай, дұрыс армандап, нақты мақсаттар қоя білу керек. Ең бастысы, барлық істе елдің мүддесі жоғары болуы үшін еңбек етуіміз керек. Республикалық лагерь маған көптеген тың тақырыптарды білуіме себепкер болды. Ұйымдастырушы тарапқа мың алғыс, – дейді лагерь қатысушысы Дінмұхаммед Адасханов.
Лагерьдің екінші күні жастар Жаңақорғанның тарихи-мәдени ескерт­кіштерімен танысты. Туған өлкенің тылсым тарихына қанығып, бабалар ізімен жүріп өтті. Нақтырақ айтқанда, көне «Сығанақ» шаһары мен «Төлегетай – Қылышты ата» кесенесі мен «Сауран» қаласына экскурсия жасады.
Қазақстанның әр қиырынан жиналған лидер жастар рухани байып қана қоймай, ата-бабаларының басып өткен жерін көздерімен көргеніне қуанып, тамаша көңіл күймен қайтты.
Осылайша екі күнді артқа тастаған белсенді жастар келесі күні Қазақстан ұлттық арнасындағы «Мәселе» бағдар­ламасының жүргізушісі Нартай Арал­баймен еркін тақырыпта сұхбат алаңында кездесті. Бұл жөнінде газеттің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар.

Лаура БИБАСАРОВА
27 тамыз 2019 ж. 770 0