№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңақорған ауданында «Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды

Жаңақорған ауданында «Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды

Бүгінде өңіріміздің барлық аудандарда «Билер кеңесі» құрылып, жұмысын бастап кетті.
 Аталмыш кеңес жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді.
Жаңақорған ауданында «Билер кеңесінің» құрылғанына көп уақыт болмаса да, бітімгершілікке қол жеткізу тұрғысында біршама жұмыстар атқарылды.

 Белгіленген жоспар бойынша қабылдау өткізіп, шешімін тапқан мәселелер де бар.
Мәселен: Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігімен сотталушы Н., қатысты қылмыстық іс билер кеңесінің көмегімен оң шешімін тауып, сотталушы жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, тараптар татуласты.
Қазіргі таңда қит етсе бірін-бірі сотқа сүйрейтіндер көп.
Сондықтан ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге «Билер кеңесінің» ықпалы зор.

                                                                                Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.





29 тамыз 2019 ж. 715 0