№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазалы ауданында Билер кеңесі құрылады

Қазалы ауданында Билер кеңесі құрылады

Қазалы аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлы Билер кеңесін құру бойынша бастамашыл топтың отырысын өткізді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. 
 
 Кездесуге татуластырушы судья Қуаныш Мыханов, аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, кенттің, қаланың және ауылдық округтың әкімдері мен медиаторлар қатысты.
Д.Мұратбекұлы өз сөзінде Билер кеңесінің  азаматтық дауларды сотқа дейінгі тергеп-тексерусіз шеше алатынын атап көрсетті. «Егер бұрын мемлекеттік қызметте болған, ал қазір зейнеткерлік жастағы беделді кісілер Билер кеңесін құрып, дауласқан азаматтарды татуласуға шақыратын болса, бірқатар дау-жанжалды соттан тыс бейбіт жолмен реттеуге болар еді», - деп баса айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және Әйтеке би кентінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байғабыл Әбсұлтанов дауды сотқа дейін реттеудің және Билер кеңесін құрудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында әкімдіктің, соттың, прокуратураның өкілдері мен ішкі істер бөлімі Билер кеңесін құру және татуластыру рәсімдерін насихаттау мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. .
Бастамашыл топ аудандағы дау-жанжал деңгейін азайту бойынша іс-шараларды жүргізуге көмектесетіндерін жеткізді. 
07 қараша 2018 ж. 1 372 0