ЗАУЫТТЫҢ ЖАС ӨРЕНДЕРГЕ БАЗАРЛЫҒЫ
Бұған дейін «Байкен-U» ЖШС бас директоры Жүсіп Мақсұтұлының тапсырмасымен орындалып отырған қайырымды істі «Хорасан-2» кеніш директорының орынбасары Жандос Жұмаділлаұлы мен адами ресурстарды басқару бөлімнің басшысы Ернар Серікболұлы бастап келген еді.
Бұл мекеме де аудан көлемінде өтетін іс-шаралардан, қайырымдылық акцияларынан еш қалыс қалған емес. Әлеуметтік салаға келгенде жауапкершілікті сезінетінін үнемі көрсетіп көпке үлгі болып келеді. Мәселен, биыл оқу жылына 100 балаға сөмке мен ішіне керекті жабдықтарын салып үлестірді.
– Акцияға атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Біздің мекеме мұқтаж отбасыларына мүмкіндігі келгенше қол ұшын созуды өздеріне міндет санайды. Алдағы уақытта қайырымды шаралар жалғасын табатын болады. Біз көмектесуге әрқашанда дайынбыз. Жасаған жақсылығымыз білімді ұрпақ тәрбиеленуіне септігі тиіп жатса одан артық бақыт жоқ біздер үшін, – деді серіктестік өкілі Ернар Серікболұлы.