2 МЛН 600 МЫҢ БАЛА ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛАДЫ
Бүгін Үкімет отырысында жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселесін талқылау барысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жазғы лагерьлер жұмысын үйлестіру туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Жазғы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастырып отырмыз. Осы жылы 2 млн 815 мың 1-10 сынып оқушыларының 2 млн 600 мыңы немесе 92%-ы лагерьлерде демалады деп күтілуде. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 120 мыңға көп. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап 1,5 млн балаға арналған 12500 мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастайды. Барлығы 125 қала сыртындағы және 2000-ға жуық шатырлы-спорттық киіз үйлік лагерьлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жазда барлық білім беру ұйымдарында аула клубтары, секциялар, саяхаттар жұмыс істейді. Мысалы оған 2,5 млн астам немесе 91% оқушы барады деп отыр», - деді білім және ғылым министрі.
Пікір 2