№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күн тәртібіндегі мәселе: тынығу орындары талапқа сай ма?

Күн тәртібіндегі мәселе: тынығу орындары талапқа сай ма?


Балаларды сауықтыру ұйымдарының жазғы маусымға дайындығын нақтылау жөнінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті орындар 2018 жылдың 1 мауысымына дейін тынығу лагерьлерді санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер, аккредиттелген зертханалардың қорытындысымен қабылдап алу мақсатында жан-жақты жұмыстар атқаруда.
Ауданда балаларды сауықтыруға арналған екі тынығу орнында биылға 2550 оқушыны демалдыру жоспарланған. Оның бірі «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» жыл көлемінде мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындайды, ал жаз мезгілінде балалар тынықтырылады. Қазіргі таңда лагерьге 17 млн. 640 мың теңге бөлініп, жай жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жақында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының аудандық білім бөлімімен бірлескен «Балаларды сауықтыру ұйымдарының дайындығын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға сауықтыру орындары басшылары мен, БАҚ өкілдері, лагерьдің жауапты мамандары, техқызметкерлері қатысты. Арнайы мамандардың хабарламалары тыңдалып, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суға кету, өртті болдырмау, тамақтан улану сынды келеңсіз жағдайлардың алдын алу талаптары талқыланды. Сала қызметкері Нысанкүл Қауленова жұқпалы ішек ауруларының жағдайы, лас су жүйелерін тазарту, бассейндердің қалыпты жұмыс жасауы, лагерь асханасында тамақтану ережелерімен таныстырды. Перспективті ас мәзірі мен тағам қауіпсіздігі жөнінде кәсіпкерлерге маман кеңестерімен бөлісті.
Жұқпалы-соматикалық аурулардың алдын алу бойынша үнпарақтар таратылды. Соңында семинарға қатысқан мамандармен тестілеу өткізіліп, тәжірибе алмасылды.
«Тау самалы» тынығу лагеріне құрастырмалы моншаға 8 млн. 950 мың теңге, стритбол ойын алаңына 3 млн. 380 мың теңге бөлініп отыр екен. Лагерь асханасын кеңейту жұмысы жүргізіліп, шикі тағам өңдеу цехы жасақталып, талапқа сай әрленіп, қажетті медициналық жабдықтармен, ал жатын бөлмелері салқындатқыш қондырғылармен қамтылды.
Бір әттеген-айы, монша мен стритбол алаңы құрылысына қаралған қыруар қаржы таяу уақытта ғана шешімін тапқан, оны мердігер алып, игеруге «құмбыл» кірісіп жатыр. Ал тынығу жайы 1 маусым күні толық талапта демалушыларын қарсы алуы керек...

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
26 мамыр 2018 ж. 1 377 0