№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Домбыраға 6 мың жыл.

Домбыраға 6 мың жыл.

Домбыраға 6 мың жыл.
     «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дейді қазақтың Қадыр ақыны. Бұл сөзді сәл ғана өзгертсең, қазақтан бұрын домбыра болған дегенге сенуге әбден болады. Иә,  тарих та солай дейді. Мысалға, зерттеушілердің бір парасы домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін дейді. Мұндай пайымға Хорезм маңынан табылған домбыра аспабына келіңкірейтін құралдың жартастағы суреті себеп. Археолог Кемел Ақышев та домбыраның жасын шамамен сол тас ғасырынан мыс дәуіріне өтер тұсы деп болжайды. Яғни, содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар екеніне көз жеткізуге болады.


           
                                            Домбыра қалай пайда болды?
     Домбыра аспабының қалай пайда болуына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыздар көптеп кездеседі.Соның бірі «Қос ішек» күйінің аңызы.
     «Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтармалап алып тастайды. Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады».
   Қазақ аңызы осылай десе, осыдан V ғасыр бұрын жасалған Алтай жотасының бір үңгірінде сақталып бізге жеткен кәрі домбыра шанағының сыртқы бетіне бұғының, бұланның суреттері ойып салынған. Ол аз десеңіз домбыраның басы бұғының, бұланның басы. Сонда деймін-ау, бұл кездейсоқтық па, әлде тарихи шындық па? Аңыз не айтса, мына айтылған аңыздағы домбыра бітім тұрпатымен соны дәлелдейді. Бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дәлелдеп аңызда айтылған әңгіменің ақиқатын айғақтап тұрғандай.
Домбыра бар қазақтың басын қосады
 Әр қазақтың үйінде Құраннан кейін ілулі тұратын тағы бір бұйым болса, ол Домбыра! Құранды оқи алмаса да, әспеттеп қойғаны сияқты бұл аспапты шерте алмаса да, төрінде тұрады. Себебі ол – домбыра.  Домбыраны ұлттық код, генетикалық жады деп көп айтып жатады қазірде.

05 мамыр 2019 ж. 1 498 0