№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастарға жол ашқан жарқын жоба

Жастарға жол ашқан жарқын жоба


Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеямен қаруланып, елдің дамып, өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Тіпті мемлекет тарапынан жастарға үлкен қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі» сынды бағдарламалар оң нәтиже беріп, жастардың жан-жақты болуына мүмкіндік сыйлауда. Енді осындай айтулы жобалардың қатарына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасын қосуға болады. Мақсаты – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдық елді мекендердің проблемаларын шешуге азматтарды тарту. Міне, осы байқауға тың туындысын ұсынып, оны ойдағыдай қорғап шыққан жерлесіміз Ермек Сқақтың жобасы қолдауға ие болып, грант иегері атанды.


Әлеуметтік желіде Қазақстанның 7 облысы бойынша, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары арасында өтетін «ШАҒЫН ГРАНТТАР» байқауы жарияланғанын естіген сәттен бастап Ермек бағын сынап, жеңімпаз атануды мақсат етеді. Өйткені ауылдық жерлердің өзекті мәселелерін шешуде бұл таптырмас жоба болатын.

Белгіленген ереже бойынша байқауға ұсынылатын жоба жергілікті қоғамдастық мүшелерімен ақылдаса отырып, ауылдың белсенді тұрғындарын тарту арқылы жасалуы көзделген. Содан ауыл тұрғындары соның ішінде жастардың бос уақытын тиімді өткізуде, оларды мәдени тұрғыда жанашыр, спорт саласында дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін ерекше жоба жасау мақсатында әріптесі Әлайдар Зәйидінмен ақылдасады. Осылайша «Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші, бар ойымызды ортаға салып, ұстамды болған ұлттың ұстанымы қашанда мықты болатынын дәлелдесек деген тілекпен «TENNIS VILLAGE» жобасын жасап шығарады.

– Жобаның мақсаты жастар мен балаларға дені сау ұрпақ қана ертеңгі елдің жалғасы, ұлт болашағының кепілі екенін санасына құю және бос уақытын тиімді өткізуде үстел теннисі орталығының маңыздылығын түсіндіру. Ал балалар бұл спорт түрімен шұғылдану арқылы өмірге деген құлшынысы оянып, зиянды іс-әрекеттерден өзін аулақ ұстауға тырысады. Кейде әлеуметтік мәселелердің көптігінен ата-ана перзентінің не істеп жүргенінен хабарсыз қалып жатады.
Салдарынан жастарымыз бұза­қы істерге ұрынып, теріс жолға түсіп, құмар ойындар жетегіне еріп бос уақытын қылмыс жасауға итермелейтін жолды таңдап жа­тады. Міне, осы тұрғыдан алған­да біз жасаған жоба аталған мәселерді толықтай жоймаса да, санын азайтуға жұмыс жасайтын болады, – деді жоба авторы Ермек Қалдыбекұлы.
Осылайша, сыйақы қоры 7 000 000 теңге, әр өңірге 1 000 000 теңгеден, соның ішінде жеңімпаз атанған жобаға 435 000 теңге бұйырғалы тұрған сайысқа онлайн форматта «TENNIS VILLAGE» жо­басын ұсынған жастардың жұмы­сы үздік идеяларының арқасында жеңімпаз деп танылып 374 900 теңгенің сертификатына ие болды.
Енді жоба авторы үстел тенни­сі жобасын ұйымдастыру үшін арнайы жасақталған өз саласының майталмандарының басын қосып іске кірісетін болады. Өзі мақсатты топтарға теннис дағдыларын үйрет­се, жобаның мақсатты топтарын жасақтау, әкімдікпен келіссөздер жүргізу, керекті жабдықтарды са­тып алу, орналастыру бойынша Әлайдар Зәйидін айналысатын болады. Ал жобаның жүзеге асуы туралы әлеуметтік желілерде ақпа­раттандыруды уақытылы жария­лауда Тұрар Көшербай жауапты болатынын білдік. Ең қуаныштысы жобаны келісім шарты толықтай жүзеге асқан кезде арнайы тізім жасақталып, 45 мақсатты топ теннис ойнау дағдысын, ережесін, тактикасын меңгеретін болады.
Спортты, қоғам мәселесін, жас­тар тақырыбын қозғағаннан-ақ Ермектің Жаманбай ауылдық ок­ругіне қарасты №54 мектепте дене­шынықтыру пәнінен сабақ береті­нін білдік. Еңбек жолын бастаған сәттен-ақ жастар жанашырына ай­налған кейіпкеріміздің басты арма­ны да өскелең ұрпақтың білімді және бәсекеге қабілетті болып өсуі жолында еңбек ету. Ендеше ауылда тұратын жастар да мұндай жобадан тыс қалмауы керек деген жас ұстаз елдімекен жастарының игілігі үшін аянбай тер төгіп келеді. Оның үстіне кей жерлердегі спорт ғимаратындағы үйірмелердің ком­мерциялануы да өзекті мәселеге айналғалы қашшан. Ал бұл тұрғыда Ермек пен Әлайдардың жобасы қолдауға тұрарлық дүние екеніне ешкімнің дауы жоқ.
Жастар – ел дамуының құ­рау­шы күші. Олар мемлекеттің эко­номика, саясат, ғылым мен білім көкжиегіндегі орнын белгілейді. Сол үшін елімізде жастарды қолдау­ға арналған жобалардың көптігі қуантады.

Лаура БИБАСАРОВА
28 сәуір 2023 ж. 342 0