№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Танкистің ерлік тағылымы

Танкистің ерлік тағылымы


Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік немістерге қарсы оқ атып, майдан даласында от кешкен ерлеріміз көп. Солардың бірі – Айтмағанбет Нақипов. Ол кісі жайлы Адырбек Сопыбековтың «Тарихнама» кітабынан мол мағлұмат тауып, соғыс және еңбек ардагерінің өмір өнегесін дәріптеуді жөн санадық.

1924 жылы А.Нақипов Жаңақорған ауданында дүние келеді. Небәрі он сегіз жасында 1-Украин майданындағы генерал-полковник П.Рыбалко басшылық еткен 3-
гвардиялық танк армиясына қарасты 9-гвардиялық механикаландырылған корпустың 229 Проскуров-Берлин атындағы ерекше танк полкінде «Т-34» маркалы № 242526 танк экипажында көздеуші-атушы болды. Талай шайқасты жылдарды артқа тастап, 1945 жылы 23 сәуір күні таңертең Айтмағанбет Нақипов қызмет еткен 229-шы жеке танк полкі қаланың шет аймағынан Берлинге басып кірді. Оның танкісі шабуылмен Берлинге алғаш кіргендіктен, Рейхстаг түбіндегі тұғырға ескерткіш ретінде қойылған. Пулемет оқтаушы-атушысы А.Нақипов болған танк басты көшелердің біріне бірінші болып шықты. Дәл атқан снарядпен танк қарсылық көрсеткен жаудың талай атыс ұяларын жойды, бірақ Рейхстагтың іргесінде танкке снаряд тиді. Танк өртеніп, командирі лейтенант Минаев пен сержант Минаметдинов қаза тапты, жараланып, оққа күйген А.Нақипов госпитальға түсті.
Дерек көздерінде майдангер отты жылдарды былай еске алғаны көрсетіледі:
– Біз күндіз-түні шабуыл жасай отырып, 1945 жылғы 19 сәуірде Берлин іргесіндегі Тельтов қаласына келіп тұмсық тіредік. Берлинге 18-19 шақырымдай ғана қалды. Тельтов қаласындағы жауды айналдыра қыспаққа алып соққылау сол күні кешке дейін созылды. Таң алдында қаланы алып, ілгері тарттық.
21 сәуір күні Берлин қаласының оңтүстік жағынан кіре бастадық. Біздің танк армиясын басқа артиллериялық корпустармен, дивизиялармен, авиация корпусымен нығайтып жатқанын байқадық. Фашистер мықтап бекініп алған екен, табан тіресіп қарсылық көрсетіп жатты. Сол күні кешке Берлиннің шығыршық қыспаққа алына бастағанын сезіндік. Сонда да жау қарсылығын күшейте түсті. Олар шегіне отырып, тосқауылдарда жасырынып қалып, үй-үйлерді айналып, кез келген тұстан оқ жаудырғанын қоймады.
25 сәуірдің таңын үлкен шабуылмен бастадық. Берлиннің іргесіндегі жау бекіністерін бұзып өтіп, қиындықпен ілгері жылжыдық. Біздің артиллерия үсті-үстіне соққы берді. Ұшақтарымыз төбемізден өтіп, Берлинді бомбалап жатты. Біз қаланың Герман Геринг көшесінің бойымен шабуыл жасай отырып, бас жағына жеткенімізде, үлкен бір алаңға шыға келдік.
– О-о, Рейхстаг көрінді! – деді танктің артында отырған командиріміз Минаев қолын алға қарай нұсқап. Алдымыздан қаптаған буалдыр түтіннің арасынан бұлдырап биік күмбезді сұр үй көрінеді. Реяхстаг сол екен! Жүрегім шымыр ете қалды.
Оның оқ тиген болат құрсаулы 242526 номерлі танкісі ерліктің символы ретінде Берлиндегі Рейхстаг тұғырына қойылды 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «Берлинді алғаны үшін», Тула, Орел, Киев, Прага қалаларын азат еткені үшін медальының иегері, атақты танкист Айтмағанбет Нақипов та Қазақ теледидары «Қаһарлы жылдар шежіресі» деген айдармен 1985 жылы «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» атты жасалған көп сериялы бейнефильмнің 38-ші сериясында арнайы түсірілді.
Сұрапыл соғыста жан аямай жаумен шайқасқан әкелер мен талай ерлігі жайында баян етілген естеліктер, майдангерлердің өнегелі өмірі туралы жария болған суреттер ел басына күн туған сол бір ауыр жағдайдан сыр шертеді. Біздің бақытты да бақуатты ғұмыр кешуіміз алдымен осы Ұлы Жеңіс күнін жақындатып, жан алып, жан беріскен ержүрек ерлердің арқасы екені даусыз. Олардың өмір жолы да бүгінгі ұрпақққа үлгі-өнеге.

Дайындаған Әсел РЗАЕВА
12 маусым 2021 ж. 850 0