Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ


Қазақ тарихы тың деректермен толыға түсті. Кеше Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорына өте бағалы жәдігерлер табысталды
, деп хабарлайды jasqazaq.kz  ақпараттық порталы.
Сауд Арабиясы корольдігі Ислам істері министрінің кеңесшісі 7-ІХ ғасырлардан бастап ХХ ғасыр аралығында өмір сүрген ғалымдардың қолжазба көшірмелерін әкелді.
Жинақ 1 миллион 400 мың парақшадан тұрады. Оның ішінде қазақ жерінен шыққан ғұламалар туралы да ақпарат көп. Ғалымдардың айтуынша, жәдігер толық зерттелген соң тарихтың бүгінге дейін беймәлім болған келген тұстары анықталуы мүмкін.
«Бүгінге дейін бұл зерттелмеген. Бізді қызықтырғаны — Түркістаннан шыққан бірнеше ғұламалардың, соның ішінде Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары. Әрине, біз мұнымен ғана тоқтап қалмаймыз. Елдің тарихшыларын, әдебиетшілері мен мәдениетшілерін, тілшілерін бұл ақпарат қызықтыратыны сөзсіз. Өйткені, ақихат, шындық әркезде қолжазба, түпнұсқалардан шығады», – дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Әміреқұл Әбуов.
09 сәуір 2018 ж. 1 094 0