№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

 
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ, ТАНЫМАЛ ФИЛАНТРОП БИЛЛ ГЕЙТС ӨЗІНІҢ MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ 64 МИЛЛИОН ҮЛЕСІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА АУДАРДЫ. BLOOMBERG МӘЛІМЕТІНЕ СҮЙЕНСЕК, БҰЛ МИЛЛИАРДЕРДІҢ СОҢҒЫ 17 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ,
ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ HIGHTECH.FM АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ.
Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссияның құжатына сәйкес, Билл Гейтс осы жылдың 6 маусым күні Microsoft-тың 64 миллион акциясын, яғни 4,6 миллиард долларды белгісіз бір шотқа аударған. Бұл миллиардердің жалпы байлығының 5 пайызын құрайды. Дегенмен, ол мұндай соманы аударса да, жаһандағы ең бай адам болып қала бермек.Сондай-ақ, 2000 жылы Гейтс бүкіл әлем бойынша қайырымдылық бастамаларымен айналысатын Билл мен Мелинда Гейтс Қорына 5 миллиард доллар бөлген еді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, биыл да аталмыш қайырымдылық ұйымына қаржы бөліп, оның  көлемі 18 миллиард долларға жетуі мүмкін. 2010 жылы Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Уоррен Бюфтпен бірге әлемдегі ең бай адамдарды  қайырымдылық жасауға шақыратын «Giving Pledge» жобасын жасады. Қазіргі уақытта ол ұйымда 170 қатысушы бар.
15 наурыз 2018 ж. 1 563 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 13:53
Xenical Prix generic 5mg cialis best price Kamagra To Overcome Impotence Issue