№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемнің жеті құпиясы

Әлемнің жеті құпиясы


1. «
Войнич қолжазбасы» – осыдан 600 жыл бұрын белгісіз автордың белгісіз тілде жазылған құпия кітабы. Арнайы жүргізілген сараптамалар бұл қолжазбаның 1404 және 1438 жылдар аралығында жазылғандығын анықтады. Қолжазба табылған сәттен бері қаншама ғалымдар ондағы жазудың сырын ақтармақ болды. Алайда, барлық талпыныс сәтсіз болып шықты. Мамандардың пайымдауынша, мәтін нақты логикалық құрылымы бар «өнер тілінде» жазылған екен. Тағы бір айта кететін жәйт, қолжазбаның «Войнич» аталуы хақында: Этель Войнич – аталған қолжазбаны тапқан адам. Оның бізге «Сона» атты романы белгілі.
2. Криптос – Виргиния штатындағы ЦРУ орталығының бас кеңсесінің алдында орналастырылған шифрланған мәтіні бар мүсін. Аталған мүсіннің мұнда қойылғанына жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, мәтіннің құпиясы толықтай ашылған жоқ. Тек қана, халықаралық криптоаналитиктер бірлестігінің жұмыстарының арқасында алғашқы 3 секциясын оқуға мүмкіндік берілді. Ал қалған 97 таңбаның сырын ақтару – болашақтың еншісінде жатыр.
3. Фест дөңгелегінің жұмбағы Индина Джонстың оқиғасына ұқсас келеді. Тарихтың иісі мүңкіп тұрған табақ әбден қираған Фест сарайынан табылған. Ол күйдірілген балшықтан жасалған және бетінде беймәлім таңбалар бар. Ғалымдардың сөзіне сенсек, бұл таңбалар ежелгі Крит жерінде қолданылған жазба тілге өте ұқсас және ол осыдан 2 мың жыл бұрын жасалған.
4. XVIII ғасырдың көзі саналатын «Бақташы ескерткіші» Англиядағы Стаффордшир графтығында орналасқан. Ескерткіште «DOUOSVAVVM» деген әріптер қатары бар. 250 жылдан бері көрсетілген кодты Чарльз Диккенс, Чарльз Дарвин бастаған ғалымдар қатарының ешбірі де оқи алған жоқ. Таңбаның авторы да бізге белгісіз. Бірқатар зерттеушілердің айтуынша,  бұл таңба «Қасиетті Грааль» жасырылған орынды көрсетіп тұрған белгі болуы әбден мүмкін.
5. «Тамам Шуд» – Аустралияның аңызға айналған жұмбақ ескерткіштерінің бірі. Оқиға былай басталды. Аделайда жерінен 1948 жылдың желтоқсан айында аты-жөні белгісіз бір адам табылады. Ал оның құпия қалтасынан бір жапырақ қағаз шығады. Қағазда «Тамам Шуд» деген жазу бар екен. Дәл осы сөз О.Хайамның рубайлар жинағының ең соңғы бетінде кездеседі. Осы оқиғадан көп уақыт өтпей жатып, О.Хайамның рубайларының көшірмесі де табылады. Көптеген ғалымдар бұл – белгісіз бір әулеттің өлер алдындағы аманат хаты деп жатады. Алайда, болжамдардың нақты дәлелі жоқтың қасы...
6. «Wow!» сигналы – 1977 жылдың 15 тамызында Огайо университеттерінің біріндегі «Үлкен Құлақ» атты радиотелескопта жұмыс істеу барысында тіркелген тар жолақты ғарыштық радиосигнал. Телескоп принтерінен шыққан осы сигналды көрген профессор Джерри Эйман қызыл сиялы қаламмен қасына Wow! (Мә! Мәссаған!) деп жазып қойған. Осылайша сигнал SETI (Жерден тыс өркениетті іздеу бағдарламасы) тарихында "Wow!"деген атпен қалып қойды. Бұл жұмбақтың шешуі де әлі күнге дейін табылмай келеді.
7. Джорджия тақтасы – АҚШ-тың Джорджия штатында орналасқан алып гранитті монумент. Ескерткіште сегіз түрлі заманауи тілде ұзыннан-ұзақ жазбалар жазылған, ал оның ең жоғарғы жағында аккад, грек, санскрит, ежелгі Египет тілдерінде қысқаша жазбалар жазылған. Мұндағы жазуды толықтай оқып шығуға болады, ал оның жасалу себебі әлі күнге дейін белгісіз. Өкінішке орай, монументті тұрғызған адам туралы мәліметтер де жоқ.

Massaget.kz
24 наурыз 2018 ж. 1 457 0