№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛАУЫЗ АТАНЫҢ ҚҰДІРЕТІ

ҚЫЛАУЫЗ АТАНЫҢ ҚҰДІРЕТІ


Қазақ топырағындақасиетті ислам дінін, ілімін таратуда өткен ғасырларда зиялы ғұламалар болғанын, бүгінгі ұрпақ біздер ел аузындағы әңгімеден, қол жазбалардан білеміз. Сол көне шежірелердің көрсетуі бойынша сонау пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-нан тарайтын ұрпақтардың ішінде заманында әулиелі кереметіне байланысты Қылауыз атанған (Қылауыз арабша жол бастаушы деген сөз). Жақып ата Қожа Ахмет Йассауимен замандас болған.

Қожа Ахмет Йассауи Сырдария өзенінің Талсуат деген (Бесарық стансасының тұсы) жерден өтіп, Жақып ата екеуі Хорасан ата,Лалабибі, Қылышты ата, тағы басқа орындарды аралаған. Жақып ата Қожа Ахметті күтіп алып, оны аралатып Талсуат деген жерден өткізіп жіберіп отырған. Бұл жөнінде Жақып атаның ұрпағы Әшім Кенжеұлы (лақап аты Балаби) әкеміз талай айтып отыратын. Жақып ата Әбубәкір Сыдық әулетінен, Мұхаммед Пайғамбардың бірінші халифы Әбубәкір Сыдыққа 39 атамен қосылады.
Қожа Ахмет Йассауи Сыр бойын аралауға келгенде Жақып атамызға:
– Уа, Жақып мына дариядан қалай өтеміз? – дегенде:
– Сізге дариядан өту қиын болып па? Жүре беріңіз, – деп дуа еткен екен. Әзіре Сұлтан дарияны кешіп өте берген. Сол жерде бесін намазын оқиды. Намаз оқып жатқанда жайнамаздың бас жағынан кішкене қара құрт шығады. Бұлар намаз оқып бітіргенше құрт үлкейіп, адам жұтатын дәрежеге жетеді. Сонда Әзірет Сұлтан намаз оқып болып, Жақып атаға бұрыла қарап, сынау керек болды ма:
– Уа, Жақып сен дем сал! – деді.
Жақып ата дем салып, әлгі құрт қайта кішірейіп бұрынғы қалпына келеді. Жақып ата:
– Не етейін, құртып жіберейін бе? – дегенде:
– Қой, сол қалпында қалсын, - дейді Әзірет Сұлтан. Содан Талсуаттан өтіп, арғы бетке шыққан соң:
– Уа, Жақып, қолыңды жай, сенің лақап атың, құрт иесі «Қылауыз» болсын, - деп бата берген. Содан кейін Қылауыз ата қара құрт, жылан шаққандарды емдеп жазатын қасиетке ие болған екен.
«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан.
28 наурыз 2018 ж. 2 675 0