№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көне Каирдың кереметтері

Көне Каирдың кереметтері

Сонымен Каир Африканың ірі қаласы болып саналатын тарихи шаһар.Біздің дәуірімізге дейінгі 17 ғасырда мұнда қалалықтар қоныстанып, рим-византия уақытында Вавилон, сосын Фускат (көне Каир) есімімен етене танылды. Бұдан кейінгі кезеңдерде аль-Кахир деген атпен фатимидтердің үкімет резиденциясына, тулунидтер мен ихшидидтер астанасына айналды. 1171-1250 жылдар аралығында Айюбид пен мамлюктер тізгін ұстағанда діни-саяси, сауда мен ірі теңіз порты орталығы ретінде дамыды. Әйткенмен Осман шапқыншылығынан, британ әскери күшімен қала ХХ ғасыр басына дейін солардың қолына өтті. Тек 1922 жылдан бастап Египет хандығының астанасы болып бекітілді.



1952 жылдың 23 шілдесіндегі революциялық төңкерістен кейін Египет Республикасының астанасы, Біріккен Араб Республикасы, Египет Араб Республикасы сияқты тарихи өзгерістерменөркениеті өрістеді. Халық саны екінші дүниежүзілік соғыстан соң күрт өсіп, бүгінде 16 млн-ға жетті. Бұған қалаға келетін 2 млн қонақтарды қоссаңыз туризм саласының дамығанын тағы байқайсыз.
Тарихтың талай тұғырынан тұлбасы түрілмей дәуірлер дерегіне айналған ежелгі Гелиополис, Египет Вавилоны, ортағасырлық Фостат қалаларының көлемі кеңейіп, қазір ұлы Гиза пирамидаларына жақындай түсті. Жалпы Каир территориясында көзге көп ілінетін ғимараттар ішінде көне христиандық шіркеулерден, Саладдин цитаделінен, мамлюктер мен оттоман мешіттерінен египеттік өркениеттің бес мың жылдық белестер бояуын, мәдениетін тануға болады.
Қала орталығына орын тепкен Ат-Тахрир алаңында мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің негізгі бөлігі, сондай-ақ Араб мемлекеті Лигасының штаб-пәтері рет-ретімен тізбек құраған.
1858 жылы француздың египеттанушысы О.Мариеттің бастамасымен әлемге машһүр Египет мұражайы өмірге келді. Қазіргі таңда 100 мыңның үстінде бағалы экспонатпен толыққан мұражай мұхит маңызға ие. Ал Мукатам асуының шыңындағы ХІХ ғасырда грек сәулетшілері оттоман әдісімен салған Мұхаммед Алидің Алабастар мешіті алыстан мен мұндалайды. Іші алтынмен апталып, сәулелі шамдар мен бағалы кілемдер көрінісіне көркем келбет енгізе түскен. Осы цитаделдің солтүстік мүйісінде өлілер қалашығы деп аталатын молада ХХ ғасырдың мүрделері жайғастырылған. Қалашыққа таяу жерде Аль-Азхар мұсылман университеті, Хан аль-Халил базары және Сейдн-аль-Хусейн мешіт қаз-қатар қоныс тепкен. Бір қызығы, Сейдн аль-Хусейн мешітіне кіруге мұсылмандарға ғана рұқсат етілген.
Нұр-Кенже
29 қыркүйек 2019 ж. 942 0