№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлы дала астаналары

Ұлы дала астаналары


Бүгінде ежелгі қалалар мен елді мекендердің орнына жүргізілген археологиялық қазбалар көптеген тарихтан ізі өшуге айналған жәдігерлерімізді жаңғыртып, атаулары қалпына келтірілді. Көп жағдайда ерте және орта ғасырлардағы қытай, латын, араб, парсы, ежелгі түркі, орыс тілдерінде жазылған географиялық және тарихи шығармалардан, дипломаттар мен саяхатшылардың, сауда керуені басшыларының жазып, қалдырып кеткен естеліктерінен деректерге сүйеніп, әлемдік руханиятқа қосқан рухани және заттай үлесіміз үлкен екеніне көз жетеді.
Жүздеген жылдар бойы тарих қойнауында топырақ үйіндісінің астында сақталып, бүгінгі күні зерттеу нысанына айналған Алматы, Талхир, Тараз, Сайрам, Шымкент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалашықтары жұртшылыққа мәлім болды. Олардың кейбір нешеме ғасыр бойы үзілмей, қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Біразының орнында жаңа тарихи кезеңде тіршілік қайтадан пайда болды. Енді осы қалалардың бірнешеуіне тоқталайық:
Алматының ресми жасы 1854 жылдан, Кіші Алматы өзені бойында орыс әскерлерінің қаласы салынып, «Верный» атауын алумен есептеліп жүр. Алайда қала тарихының құпиясы тереңде.
1979 жылы Алматы территориясынан күміс ақшалар табылған. Бұл ақшалар жергілікті, жетісулық ақша құятын сарайда шығарылғаны және қазіргі Алматы аумағында ХІІІ ғасырда ақша сарайының жұмыс істегені туралы болжамдар айтқан. Бір бақырдың айналасындағы жазудан оның құйылған жерінің, яғни Алматы қаласының аты анық көрініп тұр. Ақшаның шыққан мезгілі 1271-1272 жылдар.
VІ-ХІІІ ғасырлар аралығында бұл жерде елді мекендер мен қалалар пайда болып, бой түзей бастаған. Зерттеушілерді қатты қызықтырған бұрынғы шекарашылар училищесінің (әскери институты) орнында болған қалашық. Бұл жерде құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде қыш ыдыстар, қола мен темірден жасалған бұйымдар табылды. Ортағасырлық ұстахана қалдығы табылды.
Кедер (Құйрықтөбе) – Отырардың Х-ХІ ғасырлардағы астанасы.
Қалада сауда, қолөнер дамыған. Кедерде қазылған нысандар ішінде ХІ-ХІІ ғасырларға жататын қалалық кварталдар, көшелер, алаңдар бар
Археологтар зерттеген Х-ХІ ғасырларға тән Қазақстандағы ең алғашқы мешіттерге жататын «бағаналы типті» үлкен мешіттің қалдықтары ерекше. Бұл мешітте Ахмет Иассауидің ұстазы Арыстан-Баб уағыз айтқан болуы да мүмкін. Оның кесенелі қалашықтан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде тұр. Кесене ХІ ғасырда тұрғызылған, алайда кейіннен Әмір Темір кезеңінде қайта салынған.

Қаған астанасы
«Қаған астанасы» – мықты қабырғалармен қоршалған, темір қақпалы үлкен қала. Қалада патшаның мың сан әскері бар» деп жазады Әл-Идриан. Қала Ертіс бойында орналасқан, бірақ анық қай жері екені белгісіз.
Қалалардың көпшілігі жергілікті және халықаралық сауда орталықтары болды. Тараз «саудагерлер қаласы», ал Сығанақ «Дешті қыпшақтың сауда айлағы» деп аталды.
Испиджабтың керуен сарайларында Бағдат, Бұхара, Самархандтан қатынасатын саудагерлер аялдап, сауда-саттық жасайтын.
Даламен шекаралас тұрған ірі сауда орталықтары Сауран, Жаңакент, Дех Нуджикет қалалары болды.
Дала жолында ортағасырларда айрықша рөл атқарған орталық – Қазақстанның елордасы Астана орналасқан жерден табылған қала. Қазір ол қаланың қалдығы Бұзық деп аталады.

Түркістан – қазақ хандарының астанасы
Қаланың ежелгі атауы – Яссы. Қала алдымен темірліктердің, кейіннен шайбанилықтардың қарамағында болды. Қазақ хандарының да астанасы осы қала еді. Түркістан маңызды сауда орталығы болды. Қала айналасы қабырғамен қоршалған.
Ішкі қамалда архитектуралық кешен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі бар. Қаланың ең ежелгі бөлігі – Күлтөбе деп аталатын жер.
Қаланың Яссы атауы ХІІ ғасырдың басында Мұхаммед Хорезмшах құйдырған ақшаларда да кездеседі. ХІІІ ғасырда Моңғолдардың билеушісі Мөңке ханның ордасынан Отанына оралып келе жатып, осы арада болған армян патшасы І Гетум Асон (Яссы) атты қала туралы жазады. ХІV ғасыр мен ХV ғасырдың басында Әмір Темірдің жарлығы бойынша Қожа Ахмет Иассауидің қабірі үстіне тұрғызылған зәулім кесененің салынуы қала мәртебесін одан әрі жоғарылатты.
ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Яссы Түркістан атанып, қала жаңаша атауға ие болды.
Фараб – Отырар қаласының бір атауы

Сығанақ
Сығанақ алғаш рет Х ғасырдың деректерінде кездеседі. ХІ ғасырда Махмуд Қашқаридың айтуынша ол оғыз қалалары қатарында аталған. ХІІ ғасырда Сығанақ қалашықтарының мемлекеттік бірлестігінің астанасы болды.
1219 жылы көрсеткен қарсылығы үшін монғолдардың қаланы талқандағаны туралы ХІІ ғасыр тарихшыны Жунаидидің сипаттамасы бар. Ол «Жошының қолы Сырдария бойымен төмен жылжып бір қаладан соң екінші қаланы алды» деп жазды.

Ұлы жібек жолы
Адамдар өте рте кезден сауда-саттықпен айналысты. Бір жерде жоқ нәрсені екінші жерден әкелу, айырбастау сауда ісін дамытты. Осылайша Европа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда. Біздің дәуірімізге дейін ІІ-ғасырда лазурит жолы (Иранда өте қымбат бағаланатын көк тас), нефрит жолы (әшекей бұйымдар), бұлғын жолы (қымбат бағалы терілер) көш түзеген.
Жібек жолының жүйесі адам денесіне нәр беретін қан тамырлары тәрізді Евразиядағы барлық мемлекеттер мен халықтарды бір-біріне жалғастырып тұрған. Ал атауы 1877 жылы пайда болды.
Бас сауда жолы Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын кесіп өтіп, Қытайға қарай созылып жатты. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Қаялық, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық қалалары бой көтерді.
Сол кездегі сауданың басты жолдары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» аталған.
Мемлекет басшысының жаңа ғасырдың басында «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түркі тілді мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау, дамыту және туризм инфрақұрылымын құру» туралы Жарлығы шықты. Осыған орай «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама жасалды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
03 шілде 2018 ж. 1 840 0