» » АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ

АТОМШЫЛАР ДОП БӘСЕКЕСІНДЕ


Атом саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «ҚазАтомПром» Ұлттық атом өнеркәсібіне қарасты аймақтағы компаниялар жасыл алаңда бас қосып, шағын футболдан үздік команданы өз-ара анықтады.
«Қызылқұм-1», «Қызылқұм-2», «Бай­кен-U», «Ру-6», «СКЗ-У», және «РТК» командасы екі топқа бөлініп, жүлде жолында тартысып көрді. Жарыс шымылдығын ашқан «Қызылқұм-1» және «СКЗ-У» командалары алғашқы жеңіске жету үшін жанталасып бақты. Нәтижесінде 3:0 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші топтағы алғашқы ойында «Байкен-U» командасы алаң иелерінің екінші командасымен жолықты. Алма-кезек шабуылдармен басталған ойын соңында қонақтар екі доп соғып жеңісті иеленді.
Осылай жалғасқан әрбір ойын жарыс көркін қыздырды. Шиеліден келген қос ұжым да өз тобынан шығуға барын салды. Ал, тілшілер қауымы байкенжелік жастарды және алаң егелерін ірі есеппен ұтып, үшінші кездесуінде көрші мекемеге жол беріп қойды. Ал, көрші ауданнан келген «РУ-6» өз тобынан екінші орынмен шығып үшінші орын үшін таласта қарсыластарынан басым түсті. Ақтық сында қызылқұмдықтар «Байкен-U»-ды 4:0 есебі ұтып, кубок алаң қожайындарында қалды.
– Әрине, жарыс өте тартысты өтті. Көңіліміз толды. Көрші ауданнан келіп жеңіс тұғырынан көріну үлкен абырой еді. Дегенмен, сәттілік серік болмады. Жарыс ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз. Осындай турнирлер дәстүрге айналса, – деді Алмат Мұқанов.
Иә, тек спорттық бәсекелерге ғана емес, ауданда өтетін қайырымдылық шараларға ұйытқы болып, демеушілік көрсетіп жүретін «Қызылқұм» ЖШС мекемесіне жаңақорғандық тұрғындар дән разы. Қайырымдылық акцияларынан құр қалмайтын мекеме тынысын енді спорттық қырынан тағы бір таныдық.
– Бұйыртса осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Бұл тек жарыс емес, өсіп келе жатқан жастарға өнеге болсын деген ниет, әрі олардың бойындағы жігерін жанып, келешегіне сеніммен қарауларына сеп болу. Мүмкіндік болса келер жылы бұдан да үлкен етіп өткізу ойда бар. Әрине, биылғы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған Әл-Фараби Өмірғалиұлына алғыс білдіремін, – деді қызылқұмдық команданың капитаны Ерлік Тұртанов.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін ойын соңында мекеме директоры Нұргелді Әбжаппаров құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Әрі, ұжымда абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мереке қарсаңында марапат ұсынды.
– Алдымен, баршаңызды атом саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі шараның биік деңгейде өтуіне ат салысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында өткізілетін шаралар көп. Соның бірі – бүгінгі турнир. Бүгінде компания қайырымдылық шараларына жиі қатысуда, – деді «Қызылқұм» ЖШС-нің Бас директоры Әл-Фараби Кенжебеков.

Әли ТЕМІРБЕК.
29 қыркүйек 2018 ж. 25 491 903

online pharmacies от 19 қыркүйек 2020 05:36

canadian online pharmacies от 19 қыркүйек 2020 05:46

reputable online pharmacy от 19 қыркүйек 2020 06:42

online pharmacies canada от 19 қыркүйек 2020 12:11

online pharmacy canada от 19 қыркүйек 2020 12:29

canadian online pharmacies от 19 қыркүйек 2020 14:35

online pharmacy canada от 19 қыркүйек 2020 20:20

canadian pharmacy от 24 қыркүйек 2020 20:16

canadian online pharmacy от 24 қыркүйек 2020 20:53

canada online pharmacy от 24 қыркүйек 2020 23:04

best canadian online pharmacy от 25 қыркүйек 2020 01:04

canadian pharmacies online от 25 қыркүйек 2020 02:39

canadian pharmacies online от 25 қыркүйек 2020 05:13

canada online pharmacy от 25 қыркүйек 2020 06:41

canada drugs online от 25 қыркүйек 2020 06:51

online drugstore от 25 қыркүйек 2020 08:56

canadian pharmacies online от 25 қыркүйек 2020 12:02

canada drugs от 25 қыркүйек 2020 17:53

online pharmacies legitimate от 25 қыркүйек 2020 18:16

canadian pharcharmy online от 25 қыркүйек 2020 22:50

reputable canadian pharmacy от 26 қыркүйек 2020 02:08

canadian online pharmacies от 26 қыркүйек 2020 05:02