№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СПОРТ САЛАСЫНЫҢ СЕРПІЛІСІ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ СЕРПІЛІСІ

   Ел егемендігін алған жылдары спорт саласының дамуы қарқын ала бастады. Мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылып, спортшылар ірі-ірі халықаралық додаларда табысты өнер көрсетті. Әсіресе, Әлем, Азия және Олимпиада ойындарында көк Туымыз көкте желбіреп, Әнұран әлем алдында шырқалды. Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде Қазақстан спорт державасы екенін дәлелдеді. Көптеген спорт кешендері бой көтеріп, спортшылардың әлеуеті арта түсті. Яғни, спорт саласының өрлеуіне тың серпіліс келді. Осының барлығы Тәуелсіздіктің жарқын жемісі.
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÓбÑÑÓлÑп ÐÐÐÐÐÐ
  Шыны керек, Егемендікке дейін сақа спортшылар халықаралық додаларда өнер көрсетуіне мүмкіндік аз болды. Себебі, спортшылар тұсаулы болды. КСРО чемпионатында үздік шыққанымен, Әлемдік чемпионаттарға шеттетіліп қалатын. Десе де, аудан спортшылары жақсы нәтижеге ұмтылды. Сол қалыптасқан мектеп Тәуелсіздік жылдары қайта жаңғырды. Яғни спорт саласы бір жүйеге түсті. Тоқсаныншы жылдағы тоқырауда да табысқа жету жолында аянбай тер төктік.
  Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жалпыұлттық игілікке айналып үлгерген үздік спорттық жетістіктерге қол жеткізді. Спорт саласында табыстарға жетіп қана қоймай, спорт инфрақұрылымдарын дамытуда да алға қадам жасады. ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақстан спорты өрлеу кезеңін басынан кешірді. Мемлекеттің ұдайы қолдауы мен спортшылардың ынта-жігері жоғары нәтижелердің кепілі болды.
Қазір қай спортты алсақ та мақтана аламыз. Оған мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да аз емес. Елбасы әрбір Жолдауында спорт саласына, оның ішінде мектеп жасындағы жеткіншектерді қолдауға аса көңіл бөліп келеді. Соның нәтижесінде Сыр спортшылары да байрақты бәсекелерде биіктерден көрініп жүр. Ал, Жаңақорған ауданы да жыл сайын спорт саласында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада Мемлекет басшысы ұлттық ат спортының өрлеуінің екінші тынысын ашқандай болды. Бұл тұрғыдан алғанда аймақ спортшылары тәуір өнер көрсетіп жүр. Әсіресе, көкпардан ел біріншілігінде үздік үштікте келеміз. Бұл да Жаңақорғанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістігінің бір парасы. Сондай-ақ, 60 жылдан астам тарихы бар күрес, бокс, гандбол және басқа да спорт түрлері бүгінде қарыштап келеді.
   Биылдың өзінде жаңақорғандық балуандар, оның ішінде белбеу, дзюдо және еркін күрес шеберлері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жалпы, Жаңақорған еркін күрес мектебі қалыптасқан аудан. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап талай жас шыңдалып, олар бүгінде шәкірт тәрбиелеп келеді. Ал, сол ағалар жолын жалғап жүрген балуандардың бағындырған белесі көп. Тұңғыш олимпиадаға барған Жасұлан Мұхтарбекұлы, Дәулет Ниязбеков, Ғалымжан Өсербаев сынды балуандар оған дәлел бола алады. Үшеуі де олимпиада төрінде ел намысын қорғап, үздік бестіктен көрінді. Мұның өзі аудан үшін үлкен жетістік. Қазір де жастар өсіп келеді, олардан да көп нәрсе күтуге болады. Ең бастысы, баланы дұрыс тәрбиелей алсақ болғаны.
   Өзім де бала кезден күресті серік еттім. 12 жасымнан бастап бозкілем төрінде өнер көрсетіп, біраз жетістікке жеттім. КСРО спорт шеберлігіне үміткер болдым. Бұл 1970-75 жылдар болатын. Осыдан-ақ, күрес тарихының бастауы тереңде екенін көруге болады. 1984 жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене тәрбиесі институтында жоғары білімімді алғаннан кейін жаттықтырушылық өмірім басталды. Аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен балалар тәрбиелеуден басталған қызметтік мансабым әлі де жемісін беріп келеді. Осы жылдар ішінде көптеген жасты тәрбиелеп өсірдім. 1993 жылдан бастап еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысымын. Шәкірттерім ел және халықаралық бәсекелерде талай топ жарды. Олардың ішінде, Темірлан Ахметов, Нұрлан Ахметов, Бақытжан Ахметов, Мәлік Ахатаев, Биахмет Абусейітов, Мәмет Сыздықов, Жаппар Базарбаев, Тұрмағамбет Омаров, Болат Сабырханов, Сайтбек Ақылбеков, Талғат Өсербаев, Серік Абдумауленов, Самат Қожабаев, Берік Өтешов, Жандос Абдумауленов және тағы басқасын айтуға болады. Ал, Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаев Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Екеуі де бала кезден жан-тәніммен күреске берілген спортшылар еді. Жігерлі, намысты, әрі талантты болды. «Ұстаз талантты болса, шәкірт талапшыл болады» деген осы болар. Қос балуаннан да қазақ елі көп үміт күтеді. Екеуі де Токио Олимпиадасына қатысып, көк туды желбірету үшін тер төгуде.
Міне, азаттықтың ақ таңы аудан спортына осындай серпін берді. Әлі де асар асу, бағындырар белесіміз алда. Тәуелсіздігіміз тұрақты, бірлігіміз бекем, спортшыларымыз сергек болсын деген тілегім бар.

Әбутәліп АМАНОВ,
еркін күрестен Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы.
15 желтоқсан 2018 ж. 1 673 0