Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЙ САЛМАҚТА БЕЛДЕСЕДІ?

ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЙ САЛМАҚТА БЕЛДЕСЕДІ?


Кеше ғана, Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының V-ші Жазғы Спартакиадасы аяқталғаны белгілі. Кіл мықтының басын қосқан спорттық додада қызылордалық балуандар табысты өнер көрсеткен болатын. Жеңісті жолды жалғаған жаңақорғандық Ғалымжан Өсербаев та 79 келі салмақта қарсыластарының жауырын жер иіскетіп, жеңімпаз атанды. Осылайша, ол Қазақстанның 4 дүркін чемпионы атанған болатын.

Бүгін Ғалымжанның туған жер топырағына келгенін естіп, арнайы барып тілдестік. Алдағы Әлем чемпионаты мен Токио Олимпиадасына дейінгі жоспарын білдік.
Балуан сөзінен белгілі болғандай, еркін күрестен Қазақстан жеңімпазы атанған балуандардың барлығы ағымдағы жылдың сәуір айында Қытайда өтетін Азия біріншілігіне қатысады екен. Оған дейін, Алматы мен Минскі де ұлттық құрама сапындағы балуандар оқу-жаттығу жасайды.  
Сондай-ақ біз Ғалымжаннан Әлем чемпионатында салмақ ауыстыру жөнінде жоспарын сұрадық. Өйткені, Елордада өтетін Әлем чемпионаты жеңімпаздарына Токио Олимпиадасына жолдама берілетіні айқын. Алайда Ғалымжан Өсербаевтың салмағы 79 келі. Белгілісі, бұл  салмақ дәрежесі еркін күрес те  олимпиадалық жарыс бағдарламасына кірмейді.
– Сәтін салса, сәуір айында Қытай Халық Республикасында Азия біріншілігі өтеді. Ал, қыркүйек айында Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатында 79 келі салмақ дәрежесінде белдесетін боламын. Әрине, олимпиадалық күрес бағдарламасында бұл салмақ жоқ. Десе де, келер жылы салмағымды төмендету жоспарда бар. Құдай қаласа, 2020 жылы Қазақстан чемпионатында 74 келі салмақта белдесетін боламын. Бұл менің жаттықтырушыларыммен ақылдаса келе қабылдаған шешімім. Өздеріңізге белгілі,  Рио Олимпиадасында да осы 74 келі де белдескен болатынмын. 2020 жылы Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия біріншілігі мен ірі халықаралық турнирлер өтеді. Міне, сол кезде бар күшімді сарқитын боламын, – дейді Ғалымжан Өсербаев.
Айта кету керек, Ғалымжан Өсербаев Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азияның бірнеше, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Әскерилер арасында өткен байрақты бәсекеде топ жарды. Бір сөзбен айтқанда Ғалымжаннанбиыл әлемдік додада топ жаруына тілекшіміз.
                                                 Жасұлан Сейдеметов
13 ақпан 2019 ж. 1 285 0