№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Азияға жолдама дайын

Азияға жолдама дайын


Талдықорған қаласында өткен қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионатында жаңақорғандық жігіттер жеңіспен оралды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен ел чемпионатында еншімізге бір алтын, бір күміс және бір қола түсті. Енді біздің оғландар Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Алдымен, күміспен қуантқан Қуаныштан бастайық. Жарыс жолына 60 келі салмақта шыққан Қуаныш Абибуллаев ақтық сынға дейін сүрінбеді. Барлық қарсыластарын жерге қаратқан аған алтын бұйырмады. Тірек-қимыл зақымданған спортшылар арасында бақ сынайтын одан жерлестер әлі де алтынды күтеді. Сол секілді, Радбек Фазылов та алтынға бір табан жетпей қалды. 75 келіде өнер көрсеткен Радбек жартылай сында сүрінді. Шымкент спортшысына жол беріп қойған ол қолаға қол созды. Есту қабылеті нашар топта бақ сынаған білекті оғлан осыған дейін де жүлде тұғырында болған еді.
– Негізі жарысқа тыңғылықты дайын­дықпен бардық. Себебі, шілде айында Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына жолдаманы сарапқа салған ел біріншілігіне әр өңірдің кіл мықтылары келіпті. Сондықтан, жігіттер жарады, барын салды, – деді білікті бапкер Шыңғыс Азнабаев.
Ал, көру қабылеті төмен спортшылар арасынан сынға түскен Абусейт Реметов алтынды мойынға тақты. 60 келіде қарсылас шақ келтірмеген Абусейіт ақтық сында Алматы облысының мықтысын сан соқтырды.
– Бұл жолы қарсыластар мықты болды. Әсіресе, финалда кездескен алматылық жігіттің дайындығы жақсы екен. Алайда, осы жолы барымды салдым. Себебі, былтыр бағындыра алмаған Азия шыңын биыл бағындыратын боламын. Маған қолдау көрсетіп жүрген жандарға, ата-анама және бапкеріме алғыс айтамын, – деді чемпион.
Иә, былтыр сары құрлық бәсекесінде Әбусейіт күміс, Радбек қоламен қуантқан болатын. Енді Шыңғыс шәкірттері Азия, одан кейін Әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағынады деген сенімдеміз.
Сөз соңында. Жаңақорғанда армрестлинг спортының өрісі кеңейіп келеді. Тек ауданның емес, облыстық намысын қорғап жүрген бүгінгі чемпиондар енді ұлттық құрама сапына енді. Енді оларға артылар жауапкершілік жүгі қаншалықты ауыр екенін сезінуі тиіс. Біз тек жас спортшыларға демеу беріп, қолдау көрсетсек болғаны...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
30 наурыз 2019 ж. 1 284 0