Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АЯКС VS ТОТТЕНХЭМ. КІМ ФИНАЛҒА ӨТЕДІ?

АЯКС VS ТОТТЕНХЭМ. КІМ ФИНАЛҒА ӨТЕДІ?


Аякс vs Тоттенхэм. Кім мықты? Кім финалға өтеді. Спорт сүйер қауымның негізгі талқылап жатқан тақырыбы осы. Тіпті, букмекерлік кеңселерде бәс тігу қыза түсті. Бірі Аяксты қолдаса, екіншілері Тоттенхэмнің финалға өтуін жақтауда. Біз де топшалап көрсек. Бірақ, алдымен қос ұжымның еуропалық турнирдегі табысы мен тарихына тоқталып өтсек. Сонымен...  
  • Бірден айта кетейік, қос клубтың да еуропаның негізгі турнирінің жартылай финалында өнер көрсетпегеніне ұзақ жылдар болды. Мәселен, Лиги чемпионның осы кезеңінде "Аякс" соңғы рет 1997 жылы ойнады. Ал, "Тоттенхэм" осыдан 57 жыл бұрын жартылай финалда бағын сынады. Дегенмен, биыл қос команданың да әлеуеті зор екенін көруге болады. "Аякстің" турнир барысында өткен жылғы чемпиондар "Реал" мен Италияның үздік командасы "Ювентусті" жарыстан шығарды. "Тоттенхэм" болсаЛиги чемпионның фовариттері саналған "Манчестер Сити" жолында қалдырды.   
  • Қос команда Еурокубокте 1981-1982 жылы бір-ақ рет кездесті.Ол "Тоттенхэм" "Аяксті" бірінші айналымда 6:1 (екі ойынның жалпы есебі) есебімен ұтқан болатын. Сол жылы "Тоттенхэм" жартылай финалға дейін барып, онда "Барселонадан" 1:2 есібімен ұтылған-тұғын. Енді "Аякске" кеткен есесін қайтаратын тамаша мүмкіндік болып тұр.
  • Жауапты турнирдің жартылай финалына "Аякс" сегіз рет шығап, оның алтауында ақтық сынға өтіпті. Керек десеңіз, "Реал" (1972-1973), "Бавария" (1994-1995) сынды командаларды жолда қалдырады. Бірақ, жартылай финалда екі рет ағылшындық командаға есе жіберіпті.  
  • Сонымен, УЕФА (2018) рейтингінде 18 орында тұрған "Тоттенхэм" финалға шығама м? Әлде УЕФА (2018) рейтингінде 33 сатыға жайғасқан "Аякс" өте ме? Букмекерлік кеңселер "Тоттенхэмді" фоварит санап, 41 проценттік коэффициент беруде. Ал, "Аякстің" бағасы 33 процентті құрайды.
  • Біздің ойымызша, қос команданың да финалға шығуға мүмкіндігі бірдей. Егер "Аякстің" жас перілері ойынның жүйесін тапса ағылшындық клубтың қорғаушыларына өте қиын болады. Оны Реал мен Ювентуспен өткен матчта көрдік. Қалай болғанда да, 2019 жылдың 1 мамыры мен 8 мамырында өтетін екі матчтың нәтижесі бойынша бір команда финалға шығады. Бәлкім финалда қос ағылшын клуб шығуы мүмкін. Мүмкін испанияның клубі кезекті рет чемпион атанады. Бұл тізімнен недерландық команданы шығаруға болмайды. Доп домалақ. Бәрін ойын көрсетеді...  
28 сәуір 2019 ж. 707 0