№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы

Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы

  Франция ұлттық құрамасы мен ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Бұл туралы CIES Football Observatory зерттеу компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
   CIES Football Observatory 19 жастағы ойыншының трансферлік құнын 216,5 миллион еуроға бағалап отыр. Айта кетейік, орталықтың зерттеуінше, Мбаппе құны 200 миллион еуродан асатын жалғыз ойыншы. Ол Франция құрамасымен бірге 2018 жылы әлем чемпионы әрі мундиальдың үздік жас футболшысы атанған.
Ең қымбат шабуылшылар тізімінде, сондай-ақ ағылшын ойыншысы Гарри Кейн (€ 197,3 млн; «Тоттенхэм»), бразилиялық Неймар (€ 197 млн; ПСЖ), Мысыр ойыншысы Мұхаммед Салах (€ 173 млн; «Ливерпуль»), бразилиялық тағы бір шабуылшы Филиппе Коутиньо (€ 171,3 млн; «Барселона»), аргентиналық Лионель Месси (€ 170,6 млн; «Барселона»), Англияның тағы бір өкілі Рахим Стерлинг (€ 164,6 млн; «Манчестер Сити»), бельгиялық Ромелу Лукаку (€ 164,3 млн; «Манчестер Юнайтед»), француз Антуан Гризманн (€ 157,7 млн; «Атлетико») және аргентиналық Пауло Дибала (€ 155,6 млн; «Ювентус») бар.
Жартылай қорғаушылардың ішіндегі ең қымбат «Тоттенхэм» ойыншысы Деле Алли болып отыр. Оның трансферлік құны 163,4 млн еуроға бағаланған. Әлемнің ең қымбат жартылай қорғаушылары тізімінде, сондай-ақ бельгиялық Кевин де Брюйне (€ 150,4 млн; «Манчестер Сити»), француз Поль Погба (€ 130,5 млн; «Манчестер Юнайтед»), француз Н'Голо Канте (€ 90,6 млн; «Челси»), ағылшын Эрик Дайер (€ 90,5 млн; «Тоттенхэм»), испаниялық Сауль Ньигес (€ 90,2 млн; «Атлетико»), бразилиялық Фабиньо (€ 82,3 млн; «Ливерпуль»), гвинеялық Наби Кейта (€ 75,5 млн; «Ливерпуль»), голландиялық Джорджиньо Вейналдум (€ 73,2 млн; «Ливерпуль») және бразилиялық Жоржиньо (€ 72 млн; «Челси») бар.
Қымбат орталық қорғаушылар үштігі француз Самюэль Умтити (€ 99,2 млн; «Барселона»), колумбиялық Давинсон Санчес (€ 97,2 млн; «Тоттенхэм») және германиялық Антонио Рюдигерлерден құралған (€ 81,6 млн; «Челси»). Ең қымбат қаптал қорғаушылары мыналар: Трент Александер-Арнольд (€ 96,4 млн; «Ливерпуль), Кайл Уокер (€ 88,3 млн; «Манчестер Сити») және Эндрю Робертсон (€ 68,9 млн; «Ливерпуль»).
Ал бразилиялық Эдерсон (€ 102 млн; «Манчестер Сити»), германиялық Марк-Андре тер Штеген (€ 99,1 млн; «Барселона») және бразилиялық Алисон Бекер (€ 90,8 млн; «Ливерпуль») әлемнің ең қымбат қақпашылары үштігінде
06 қараша 2018 ж. 1 094 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 05:35
Prix Du Lioresal generic 5mg cialis best price Progesterone 100mg Hormone Replacement

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 07:32
Viagra Chino Fides Propecia Cephalexin 500mg Uses online pharmacy Azimed 250 Purchase Keflex Streph Throat