№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КІМДЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕТІНІ БЕЛГІЛІ

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КІМДЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕТІНІ БЕЛГІЛІ

Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілінің жартылай финалына шыққан командалар анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жартылай финалға шыққан соңғы команда - Швеция құрамасы. Олар 1/4 финалда Латвия құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Финалға шығу үшін шведтер Чехия хоккейшілерін 3:2 есебімен ұтқан АҚШ командасымен бақ сынасады. 

Осыған дейін Канада құрамасы жартылай финалға шыққаны хабарланды. Олар 1/4 финалда Ресей құрамасын 5:4 есебімен тізе бүктірді. Финалға шығу үшін олар Финляндия хоккейшілерін 3:2 есебімен ұтқан Швейцария құрамасымен бақ сынайды. 

Жартылайфиналдық ойындар 19 мамырда өтеді. Швеция - АҚШ кездесуі Астана уақыты бойынша 19:15-те басталады, ал Канада - Швейцария кездесуі 23:15-те басталады деп жоспарланған.
18 мамыр 2018 ж. 1 239 0