Чемпиондар лигасы: "Барселона" мен "МЮ" ширек финалда кездеседі
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды. Дүбірлі доп додасының жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті massaget.kz сайтына сілтеме жасап.Ширек финалда "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" - "Манчестер Сити", "Аякс" - "Ювентус", "Ливерпуль" - "Порту" командалары кездеседі.
Салтанатты шараның жеребе тастау рәсіміне бразилиялық қақпашы Жулио Сезар қатысты. Ширек финалдан өзге жартылай финалда қай командалар ойнайтыны да анықталды. 1/4 финалдың бірінші ойындары 9-10 сәуір күндері өтеді. Қарымта ойындары араға бір апта салып жалғасады. Соңғы рет Чемпиондар лигасын 3 жыл қатарынан Мадридтің "Реалы" ұтты. Алайда осы маусымда "корольдік клуб" қарымта ойында "Аякстан" ұтылып, жарысты аяқтады. 2018/2019 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 1 маусым күні Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.



