Чемпиондар лигасы: "Аякс" клубы 22 жылда алғаш рет жартылай финалға өтіп, Роналдудың командасы жеңіліс тапты
16 сәуірде Испания мен Италияда Чемпиондар лигасының екі есеп беру ойыны өтті. «Барселона» «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдап, «Ювентус» «Аякс» клубымен ойын көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" хабарлайды.
«Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» клубтарының кездесуі 3:0 есебімен каталониялықтардың пайдасына аяқталды. Англиялықтардың қақпасына алғашқы екі голды Лионель Месси салды. Ал үшінші голдың иесі Филиппе Коутиньо болды.
Ал «Ювентус» пен «Аякс» клубтарының арасындағы ойын 1:2 есебімен голландиялықтардың пайдасына аяқталды. Криштиану Роналдудың 28-минутта соққан голына Ван де Бека мен Де Лигта жауап беріп, ойынның 34 және 67-минуттарында екі гол салды.
Көптеген сарапшы голландиялықтардың жеңісін таңғаларлық жағдай деп атады. «Аякс» соңғы 22 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды. Ал Роналду мансабында алғаш рет командасымен бірге ширек финалда ойыннан шығып қалды.
Осылайша, Чемпиондар лигасының жартылай финалына «Барселона» мен «Аякс» клубтары шықты. Жартылай финалға жолдама алатын келесі клубтар сәрсенбі күні «Порту» - «Ливерпуль», «Манчестер Сити» - «Тоттенхем» ойындарының нәтижесінде анықталады.