№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР ТАНЫТТЫ. ӘТТЕҢ...

ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР ТАНЫТТЫ. ӘТТЕҢ...

Бүгін Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының V-ші Жазғы Спартакиадасы аяқталды. Кіл мықтының басын қосқан спорттық додада қызылордалық жігіттер табысты өнер көрсетті.
65 келіде Дәулет Ниязбеков, 79 келіде Ғалымжан Өсербаев кезекті рет дара шықты. Енді Астанада өтетін Әлем чемпионатында елдің намысын қорғайды. Ал, 70 келіде сынға түскен Қанат Мұсабеков қоламен қуатты.
«Баласы түзде атқа шапса, ата-анасы үйде отырып тақымын қысар» демей ме? 92 келіні асыға күттім. Бұл салмақта бауырым Әбдіманап Байгенже Павлодар облысының атынан шығып, ақтық сынға дейін қарсыластырының осал тұсын тапты. Әсіресе, 92 келі салмақтың былтырғы чемпионы Нұрғали Нұрғайыпұлынан басым түсті.
Былтыр жартылай финалда Нұрғалиден ұтылған еді. Деңгейі бірдей жарыста екінші рет жартылай финалда сүрінсе, өз-өзін кешіре алмас еді. Сондықтан, оң аяғындағы жарақатына қарамастан намысқа тырысты.
Әйтеуір, ұялы телефонға (youtube.com арқылы тікелей таратты) кіріп кете жаздап отырдық. Төреші белдесу біткені жайлы үскіргенде мандайтан салқын тер шықты. Төбем көкке бір елі жетпей, қуаныштың тәтті дәмін сезіндім...
Бүгін финалдық бәсекеге аяғын сілтеп басып, кілемге шықты. Бауырымның сыры маған белгілі ғой! Күреске өзім жетектеп алып барып, одан кейінгі кезеңі көз алдымда. 
Бәйгеден озатын тұлпардың көзінде от болмай ма? Інімнің көзінде от болды. Жеңіске деген жігірді көрдім. 
Әттең, әттең-ай! Жарақаты ерік бермеді. 
Алғашқы 4 балдық әдіс жасады. Бірақ әккі қарсыласы жарақаты бар аяғына ұмтылып, балл айырмашылығын 10-ға жеткізді. 
Жеңіс уысынан шығып бара жатқанын сезген Әбдіманап алға ұмтылды. Үйреншікті әдістерін жасап, балды қысқартты. Б-і-р-а-а-а-қ, 4-5 секунт уақыт жетпей қалды. Есеп: 9-10. Осылайша күмісті қанағат тұтты.
Өз-өзіне сеніп, өзгелерді өзіне сендіре бастаған бауырымның соңғы тұғырлы жарысы болмайтынына сенемін... 
Алда Олимпиада жолындағы ірі-ірі жарыстар бар. Сондай деңгейдегі аламандарда өзінің мықтылығын дәлелдейтініне сенемін..

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
10 ақпан 2019 ж. 1 070 0