№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МЕКСИКАДАН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

МЕКСИКАДАН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

13-19 мамыр аралығында Мексика елінің Канкун қаласында Муай-тай спортынан әлем чемпионаты өтті. Бұл әлемдік додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында үш атыраулық спортшы ел намысын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Жалпы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 күміс және 6 қола медальға ие болды. Оның 1 күмісі мен 1 қоласын атыраулық спортшылар иеленді. 51 келі салмақта Еламан Саясатов ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Финалда Еламанның қарсыласы тайландтық спортшы болды. Қос қарсыластың бұл төртінші кездесуі, олар барлық әлемдік додалардың ақтық сынында жолығып келе жатқанын айта кету керек. 

60 келіде Ищан Галиев қола жүлдеге ие болды. Ол осы салмақта чемпион атанған Ресейлік спортшыдан жартылай финалда ұтылған болатын. 
Айта кетелік, спортшыларымыз 2017 жылы Минскіде және 2016 Швецияда өткен әлемдік додада осы нәтижені көрсеткен болатын. 
21 мамыр 2018 ж. 1 284 0