№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СПАРТАКИАДА: ГРЕК-РИМ БАЛУАНДАРЫ КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

СПАРТАКИАДА: ГРЕК-РИМ БАЛУАНДАРЫ КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Спартакиадасы аясында өтіп жатқан күрес түрлерінен ел біріншілігінің кезекті жеңімпаздары анықталды. Бүгін көпшілік жанкүйер асыға күткен 67 келідегі финалдық белдесу өткен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz

67 келі салмақта Азия чемпионаты мен Азия ойындарының және әлем чемпионатының жүлдегері, тәжірибелі Алмат Кебіспаев пен жас балуан, 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Шермаханбет кездесуі тиіс болатын. Бірақ Кебіспаев жарақатына байланысты ақтық белдесуге шығудан бас тартты. Осылайша, Мейіржан Шермаханбет Спартакиада жеңімпазы атанды. 
63 келіде Түркістан облысының балуаны Жолдыбай Тоқбаев жеңіске жетті. Финалда ол ШҚО өкілі Ернұр Фидахметовтен басым түсті. 
82 келіде Мақсат Ережепов өзінің бірінші нөмірлі балуан екенін тағы дәлелдеді. Ол қостанайлық Мирас Баршылықовтан айласын асырды. 
Ал, 87 келіде астаналық Азамат Күстібаев жеңіс тұғырынан көрінді. Азамат Хусен Муцольговпен (Қарағанды облысы) кездескен болатын. 
130 келіге дейінгі салмақта Алматы қаласының намысын қорғаған Дамир Күзембаев жеңіске жетті. Ол финалда қостанайлық Мансұр Шадукаевтан басым түскен. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
07 ақпан 2019 ж. 1 320 0