№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚОНАЕВ ТУРНИРІ: БАЙГЕНЖЕЕВ БАБЫНДАҒЫ БАЛУАН ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ (ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ҮШ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ)

ҚОНАЕВ ТУРНИРІ: БАЙГЕНЖЕЕВ БАБЫНДАҒЫ БАЛУАН ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ (ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ҮШ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ)

Иә, осымен 11 рет жалауы желбіреген еркін күрестен Д.Қонаев жүлдесі үшін өткен Халықаралық турнир мәресіне жетті. Он елдің блауандары 3 күн бойы белдесіп, жүлде жолында барын салды. Әсіресе, көрші Ресей елінен келген кіл мықтылар дүбірлі додада атой салды. Десе де, қазақ балуандары да қарап қалмады. Тараз төрінде өткен балуандар бәсекесі жаңақорғандықтарды тағы бір қуантты. Бұл жолы  Ғалымжан Өсербаев күміс, Дәулет Ниязбеков қола және Әбдіманап Байгенжеев алтынмен қуантты. 
Он салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған 200-ге жуық балуан жарыстың көркін қыздырды. Әрі, жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға 4000 доллар, әрі бапкеріне 500 доллар сыйақы беріледі. Сондай-ақ, екінші орын алған балуан 2000, үшінші орын алғандар 500 доллармен қанжығасын майлайды.
Сонымен, жарыс жолына алғаш болып шыққан Ғалымжан Өсербаев 79 келіде ақтық сынға сүрінбей өтті. Ал, финалда ол дагестандық Тажидин Акаевқа есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Ал, Дәулет болса 65 келіде белдесіп, жартылай сында отандасы Мейіржан Әшіровқа ұтылып, қола үшін болған белдесуде буриятиялық Баяр Цыреновты жеңді. 
Ал, тағы бір жерлес балуан бүгінде Павлодарда жаттығатын Әбдіманап Байгенжеев еңсемізді бір көтеріп тастады. 92 келіде өнер көрсеткен ол шешуші белдесуінде Нұрғали Нұрғайыпұлын жеңіп, чемпион атанды. Біз жас балуаннан бұдан да биіктерді күтеміз.
Міне, дәстүрлі байрақты бәсеке осылай мәресіне жетті. 
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР!

25 қараша 2018 ж. 1 864 0