ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ
Ұлы Дала Елінің өзегі, қайнары Сыр өңірі деуге негіз бар. Себебі, мемлекеттік рух пен елдік сарын Сейхундарияны бойлай орналасқан көне қалаларда сайрап жатыр. Сондықтанда, біздің елдің азаматтары елшіл болып келеді. Сондай азаматтың бірі – Мадияр Ахметов.
Облыста сыр өңіріндегі белбеу күресінің баспалдағы Жаңақорғанда қалыптасып, бүгінде облыс жастары әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Азия, Әлем және Көшпенділер ойындарында абыройымыз қашанда асқақ. Мереке Құдайбергенова, Меруерт Әбубәкір, Алдаберген Нұрлыбек сынды жастар халықаралық додаларда елдің мерейін тасытып жүр. Сондай-ақ, қазақ күресінің балуандары да жақсы нәтиже көрсете бастады. Жастар арасындағы ел чемпионатында және «Қазақстан барысы» сынды аламанда облыстың аты талай озды. Ал, ұлттық ойындарға келсек, ат спортынан аймақ жастары үздік үштіктен түспей келеді. Көкпар, асық, жамбы ату, аударыспақтан ел біріншілігінде бәсіміз жоғары. Әсіресе, жаңақорғандық көкпаршылардың әлеуеті зор.
Осындай еңбекті бағалаған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкімі облыстық қазақша және белбеу күресі Федерациясының вице-президенті, аудандық ұлттық спорт Федерациясының президенті, Жаңақорған аграрлық техникалық колледжнің директоры Мадияр Ахметовты арнайы марапаттады. Көп жылдардан бері аудан мен облыс спортын дамытуда жүргізген нәтижелі жұмыстарына байланысты «Денешынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісі кеудесіне тағылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бөлім бастығы Жамбыл Алпысбаев марапатты өзі табыстады. Облыс орталығына келген іс сапары барысында марапат иесін облыстық білім басқармасында марапаттап, қос саланы қатар алып жүрген білікті басшыға екі салада да абыройлы қызмет етуіне тілектестігін жеткізді.
Айта кетейік, Мадияр Ахметов бұл төсбелгімен облыс көлемінде марапатталған тұңғыш спорт жанашыры. Сондықтан, біз де марапат иесін құттықтай отырып, Сыр спортының өрлеуіне ат салыса беруіне тілектестік білдіреміз.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК