СЫР ТІЛШІЛЕРІ ТҮГІСКЕНДЕ БАС ҚОСТЫ
Аққорған ауылдық округінде Жаңақорған ауданының 90 жылдығы мен Манап Көкеновтың 90 жылдығы аясында Сыр өңірі журналистері шағын футболдан аудан әкімінің кубогын сарапқа салды.
Жалпы, биылғы жыл Жаңақорған ауданы үшін мерекелі жыл болды. Қос тойы қабат келіп жатқан ауданның әрбір ауылында дүбірлі думан. Ұлттық дәстүрлер ұлықталып, спорттық додаларда спортшылар жүлде жолында керемет жарысқа куәгер етуде. Өнерпаздар әннен шашу шашып, көпшілікті рухани азықтандыруда. Бір сөзбен айтқанда, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасаған жаңақорғандықтар алыс-жақын ағайынның басын қосып, береке дарыта алды. Міне, осындай жаңалықтарды көпшілікке ұсынып, теледидар және басылым беттерінде жариялауда қызылордалық қаламгерлердің еңбегі зор десек болады. Ақпарат айдынында жүрген тілшілер бір сәт қаламын допқа айырбастап, Түгіскенде керемет турнирдің көркін қыздырды. Сонымен...
Тартысты өткен әрбір кездесу командалардың мықтылығын тағы бір көрсетті. Облыс орталығынан келген журналисттер де аянып қалмады. Алайда, ақтық сынға Шиеліден келген аяқ допшылар мен жаңақорғандық тілшілер шықты. Бірінші таимда гол соғылмағанымен, ойын тағдыры екінші кезеңде шешілді. Жеңімпаз қонақтарда кетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын - "Өскен өңір"
ІІ орын - "Жаңақорған тынысы"
ІІІ орын - "Сыр медиа" Қызылорда
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер демеушілердің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды. Қаламгерлер атынан аққорғандықтарға алғыс білдіреміз...