№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қыркеңседе қызық көп

Қыркеңседе қызық көп


«Рухани жаңғыру» аясында Жаңақорған ауданы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік-спорттық жиын Қыркеңсе ауылдық округінде жалғасын тапты. Шара қонақтары №213 орта мектеп ауласында орналасқан тағзым алаңына гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым жасаған аудан әкімі одан әрі мектеп фоесіне қойылған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысып, оқушылардың қолынан шыққан түрлі кәдесыйлар мен әйнекке қашалып салынған суреттермен танысты. Одан әрі білім ордасының акт залында шырқалған «Туған өлкем – Жаңақорған» атты әдеби жыр кешінің куәсі болып, тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.
– Биыл ауданның 90 жылдығы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың туғанына 90 жылдық мерекесі тұспа-тұс келіп отыр. Осы айтулы мерекені атап өтудің екі айлық іс-шара жоспары бекітіліп, оның алғашқы шарасы Ақүйік ауылынан бастау алды. Айтулы мереке қыркүйек-қазан айларында барлық елді-мекендерде аталып өтілетін болады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында озық рухани жаңғыруды саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегі деп атап, «Әдеби мұра», «Халық тарих толқынында» бағдарламаларында да ілгері жұмыстарды көрсету керектігін атап өткен еді. Сондықтан, осындай рухани-көпшілік шаралардың жиі ұйымдастырылуының өскелең ұрпаққа тигізер әсері мол, – деді Ғалым Әміреев.
Сонымен қоса, ауылдық клуб үйінің ауласында «Жер жұмағы – Жаңақорған» атты театрландрылған көрініс қойылып, әртістер Жаңақорған ауданының өткен тарихынан сыр шертсе, ауыл көркемөнерпаздарының мерекелік концерті көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ауыл ішіндегі мерейлі мерекенің мерейін арттыра түсті.
Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қыркеңселік ағайынды айтулы мерекемен құттықтады.
– Жаңақорған ауданы 90 жылдық тарихында талай белестерді бағындырып, жеткен жетістіктерін тарих беттерінде алтын әріптермен қалдырды. Ауданның дамып, халықтың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен өлшеусіз еңбегінің арқасы. Сондықтан, алдағы уақытта тек биік белестерден көрініп, ауылдарыңыз көркейе берсін, – деді бөлім басшысы.
Одан әрі шағын футбол мен аударыспақтан, теңге ілу мен жамбы атудан спорттық жарыстар жалғасып, спортшылар бар өнерін ортаға салды.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
25 қыркүйек 2018 ж. 992 0