АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕЛ НАМЫСЫН КІМДЕР ҚОРҒАЙДЫ? 1 қараша күні Ашхабадта ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының жалауы желбірейтін болады. Бұл әлемдік зілтеміршілер додасына Қазақстаннан 20 саңлақ қатысатын болады. Биылғы әлем біріншілігі өзгерістерге толы болмақ. Жаңа олимпиадалық салмақтар қосылып, Қазақстан командасы бір жылдық үзілістен соң зілтемір сахнасына қайта оралды. Ерлер- Арли Чонтей (55 келіге дейін);- Фархад Харки (67 келіге дейін);- Нижат Рақымов (73 келіге дейін);- Айдар Казов (81 келіге дейін);- Денис Уланов (89 келіге дейін);- Рүстем Сыбай (96 келіге дейін);- Илья Ильин, Александр Зайчиков (102 келіге дейін);- Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін);- Ердос Сайлау (109 келіден жоғары)Әйелдер- Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін);- Сәуле Сәдуақасова (59 келіге дейін);- Әсем Садықова (64 келіге дейін);- Карина Горичева (64 келіге дейін);- Екатерина Столяренко (71 келіге дейін);- Надежда Лихачева (71 келіге дейін);- Екатерина Быкова (76 келіге дейін);- Раушан Мешітханова (81 келіге дейін);- Айзада Муптілда, Александра Аборнева (87 келіден жоғары) Спорт 31 қазан 2018 ж. 1 021 0