Австралияның Квинсленд штатында тұратын тоғыз жастағы семіз баланың салмағы 178 келіге жетті.Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. Салмағы 178 келі болатын бала кішкентай кезінен бастап семіздікке бейімделе бастаған. Ол алты жасқа келгенде оның салмағы шамамен жүз келіге жеткен. Жеті жасында оның дене салмағының көрсеткіші 50 болды, ал бұл семіздіктің ең шегі болатын. Әлемдегі ең семіз индонезиялық Аря Перманамен салыстыратын 9 жасар баланың денсаулығы үшін Австралияның ең үздік деген дәрігерлері жұмыс істеуде. Ол жоғары қан қысымымен және 2 типті қант диабетінен зардап шегеді.
Пікір 3