Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Головкин мен Альварес қандай жағдайда үшінші жекпе-жекке шығады?

Головкин мен Альварес қандай жағдайда үшінші жекпе-жекке шығады?


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының не себепті “Канеломен” қарымта кездесуге келіскенін түсіндірді.

Айтуынша, Сауль Альвареспен болатын жекпе-жек қаржы жағынан тиімді. Бұл туралы Stan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Леффлердің айтуынша, Головкин мен “Канело” үшінші рет те кездесуі мүмкін. Алайда екінші жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталған жағдайда бұл қиынға соқпақ.
“Канело” бізге көп ақша табу үшін қажет. Одан танымал біреу шықса мүмкін ойымызды өзгертеміз. Котто мен Чавеске қарсы болған кездесуде “Канелоның” жолы болып кетті. Енді ол үшін Головкиннен даңқты ешкім жоқ. Сол сияқты, Геннадий үшін де Саульден атақты ешкім жоқ. Сол себепті қыркүйекте болмаса да, бұл жекпе-жек болашақта міндетті түрде өтетін еді. Дегенмен де, кездесу болады. Мүмкін үшінші жекпе-жекті де көріп қалармыз, бірақ екіншісі нокаутпен аяқталса, онда жоқ”, – дейді промоутер.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасында қарымта кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында өтеді. Қазақстандықтар жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналарынан тікелей эфир арқылы көре алады.
31 тамыз 2018 ж. 891 0