Головкин мен Канелоның жекпе-жегі ресми түрде жария етілді
Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя мексикалық боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкиннің кездесуі туралы келісімге қол қойылғанын мәлім етті. Бұл жөнінде боксшылардың өзі де айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Головкин «Канелоның» табысты 42,5%/57,5% етіп бөлу ұсынысымен келіскен болуы мүмкін. Немесе өзі үшін бұдан да тиімді шарт жасасқан.
«15 қыркүйек күні жекпе-жек болатынын хабарлап отырғаным үшін бақыттымын! «Канело» — GGG II» деп жазды Де ла Хойя өзінің «твиттер» парақшасында.Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында T-Mobile аренасында өтуі мүмін. Альварестің командасы бұл аренаны алдын ала жалға алған болатын.