Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » "Канело" менің көзіме тік қарай алмайды

"Канело" менің көзіме тік қарай алмайды


Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы ойымен бөлісті. 
Бұған дейін боксшылар жекпе-жекке бір апта қалғанша бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар бірін-бір көргісі келмейді деп айтылған еді. 
"Канело" менің көзіме тік қарай алмайды. Өйткені, менікі дұрыс екенін біледі. Енді бізді нағыз жекпе-жек күтіп тұр. Мен үнемі дайынмын. Себебі, мен чемпионмын. Ал "Канело" болса өзін көрсету үшін жақсы бір мотивация табуы керек", - деп келтіреді Головкиннің сөзін LA Times,. 
"Мен тұлға ретінде ол жайында ештеме ойламаймын. Тек 15 қыркүйек күні шаршы алаңға шығып, жекпе-жек өткізеді деп сенем. Мен оған табыстың алты немесе жеті пайызын беретін жағдайда емеспін. Достар үшін мұндай қадамға баратын едім. Бірақ ол үшін емес. Мен оны сыйлаудан қалдым", - деп келтіреді отандасымыздың сөзін ESPN порталы. 
19 маусым 2018 ж. 1 287 0