№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АЙБЫН 2019»: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

«АЙБЫН 2019»: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ


Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мен Қазақстан қарулы күштерінің 27 жылдығына орай №192 орта мектепте республикалық «Айбын 2019» жобасы аясында аудан мектеп оқушыларының әскери-патриоттық сайысы өтті. Сайысқа Ордакент аймағы, Орталық аймағы, Тау аймағы, Сыр аймағы, Төменарық аймағы, Түгіскен аймағынан үздік деп танылған командалар қатысты.


Патриоттық шарада аудандық білім бөлімі АӘД, Денешынықтыру пәндері әдіскері Қайрат Оралбеков және Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының әскери – патриоттық жұмысы жөніндегі көмекшісі Гүлмира Исабаева, №192 орта мектеп директоры Қалдықыз Досжанова сөз сөйледі.
– Тұңғыш Президент «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жетілдіру үшін «Жас сарбаз» қозғалысын құруды тапсырған болатын. Жақында ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының төрағасы Мұхамеджан Таласов биыл елдегі барлық мектептерде «Жас сарбаз» әскери мамандандырылған сыныптар ашуға жұмыс жасалып жатқанын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге тамаша мүмкіндік болары сөзсіз, – деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков.
Әрбір жасөспірім мектеп қабыр­ғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс екендігін жеткізген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының әскери –патриоттық жұмысы жөніндегі көмекшісі Гүлмира Исабаева шараға сәттілік тіледі.
Мұнан соң қатысушы командалар сайыстың бас төрешісі №192 орта мектеп АӘД пәні мұғалімі Мақсат Нысанбайдың басшылығымен әскери саппен салтанатты шерумен жүріп өтіп, ҚР Мемлекеттік туы енгізіліп, мемлекеттік әнұран орындалып, дүбірлі додаға кезек берілді. Сайысқа әр командадан 10 ер бала, 5 қыз баладан барлығы 90 оқушы қатысты. Қатысушылар бағдарлама бойынша АК-74 автомат оқу қаруын жартылай бөлшектеп оны қайта жинау, пневматикалық винтовкадан нысана ату, кермеде тартылу, арқаға жатып денені көтеру, жалпы әскери қорғаныш толымын кию, әскерилендірілген эстафета әскери кросс және арқан тартудан сынға түсті.
Екі күнге созылған дүбірлі додада тек білектің күшіне ғана сүйенбеген оғландар тапқырлық пен ептілік, ерік-жігерлерлерінің мықтылығын дәлелдеп, жеңіске деген құштарлықтың озық үлгілерін көрсетті. Дегенмен бір команданың жеңіс тұғырына шығары ақиқат. Нәтижесінде «АЙБЫН 2019» әскери–патриоттық аудандық сайысында бас жүлде Ордакент аймағының (№163, №195, № 86, №164 мектеп) қанжығасына ілінді. Бірінші орынды Түгіскен аймағы (№192 мектеп) иемденсе, екінші орын Сыр аймағы (№167, № 196, №245, №224, №168 мектеп) ал, жүлделі үшінші орын Орталық аймағының ( №193, № 208 мектеп) еншісіне бұйырды.
Жеңімпаз командалар мен үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар аудандық қорғаныс істері бөлімінің арнайы мадақтамаларымен марапатталды. Аудан­дық сайыс қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген оқушылардан облыстық «АЙБЫН 2019» әскери–патриоттық сайысына қатысатын Жаңақорған аудандық құрама командасы жасақталды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
28 сәуір 2019 ж. 1 072 0