Ұстаздарға сынға түсті
Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің кубогы үшін алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдер арасында, №125 орта мектеп базасында аудандық жарыс өтті.
Оған 6 аймақтан ұстаздар қатысып, өз бақтарын сынады.
Сайыстың мақсаты – алғашқы әскери дайындық пәні мен технология пәнінің оқытушылары арасында өзара тәжірибе алмасу, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту арқылы жас ұрпаққа, шәкірттерге үлгі-өнеге болуды көздейді.
Айта кететіні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасында жастарды әскери бағытта, патриоттық тәрбиелеуде нақты міндеттер қойды. Ертеңгі елдің қорғаны болатын жастарды тәрбиелеп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды айтты. Соның алғышарты негізінде алдымен ұстаздар қауымы өздерінің білім-білігін пысықтап, өзара тәжірибе алмасып, әріптестеріне күш-жігер берді.
Сайыс барысында барлық техни¬калық қауіпсіздік ережелері сақталды. Жарыс жалпы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді.
Сайыстың қорытындысымен топтық есеп бойынша бас жүлдені Түгіскен аймағы яғни №184, №192, №240, №256 мектептер ұстаздары қанжығаларына байласа, І – орын Ақүйік аймағы яғни №86, № 164, №208, №221 мектептері, ІІ – орын Орталық аймағы яғни №3, №110, №163, №286 мектептері және ІІІ – орын Сыр аймағы яғни №193, № 167, № 168, № 213, № 224, №245 мектептері оқ бойы оза жауып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Білім бөлімінің кубогын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып, игі іскер қолға алынып келеді.