Сыр елінің гандболшы қыздары чемпион атанды
«Евразия» спорт кешенінде Гандболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Марапаттау рәсіміне Республикалық гандбол федеациясының вице президенті, облыстық маслихат депутаты, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Садық Мұстафа, облыстық гандбол федерациясының президенті Наурызбай Байқадамов және облыстық мәдениет және спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Бағдат Каленов қатысты.
Айта кетейік, жарыс 17 сәуір күні басталып, оған 5 команда қатысқан болатын. Кіл мықтылар жиналған спартакиада 5 күнге созылып, спортшы қыздар тартысты ойын көрсетті.
Жарыс нәтижесімен Қызылорда облысының Қайсар КГУ командасы 1-орын иеленді. Астана қаласы 2-орын, Алматы облысы жүлделі 3-орындарды өзара бөлісті.
Аталған спартакиада 4 жылда бір рет өткізіледі. Өңіріміздің мақтаныштары гандболдан «Қайсар КГУ» командасы намысты қолдан бермей, биыл да Спартакиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, команда ҚР 12 дүркін чемпиондары-деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.