№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТАРАЗДА БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ IX-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

ТАРАЗДА БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ IX-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ


Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт кешенінде ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Елордамыз Астананың 20 жылдық» мерейтойына арналған IX-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ бағдарламасы бойынша баскетболдан мектеп және колледж оқушыларының жарысы өз мәресіне жетті.
Атырау облысының оқушылары баскетболдан IX-жазғы Спартакиада чемпионы атанды. Екінші орынды Алматы қаласы баскетболшылары, жүлделі үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы жасөспірімдері көтерілді. 
Марапаттауларды Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы «Ғылыми тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» директоры Б.Қайыпчаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы оқу-спорт жұмыстары зертханасының бас жаттықтырушысы М.Ашкеев, жарыстың бас төрешісі А.Козлов және жарыстың бас хатшысы А.Тұрсынбаевтар жүргізді.
Қорыта келгенде баскетбол жарысынан IX-жазғы Спартакиада жеңімпаз және жүлдегер командалар кубок, диплом және медальдармен марапатталды.
11 сәуір 2018 ж. 1 126 0