Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Балғын балуандардың бәсекесі

Балғын балуандардың бәсекесі

    Ақүйік ауылындағы спорт кешенінде "Балалар жылына" орай еркін күрестен 2012-2013жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа қала, кент және ауылдық округтерден 8 команда 115 спортшы қатысып, жүлде жолында барын салды.
   Жалпы Сыр өңірі еркін күрес мектебінің іргетасы біздің ауданда қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар бұл спорттан қаншама әлем чемпионатының жүлдегерлері мен құрылықтық бәсекелердің чемпиондары шықты. Соңғы 15 жылды алып қарасақ, 4 рет қатарынан біздің балуандар Олимпиада да өнер көрсетіп, аудан мерейін үстем етті. Үздік бестікпен оралғанымыз болмаса, басқа да әлемдік сындарда атой салып жүрген жастар аз емес. Солардың ізбасарлары алғашқы баспалдағын бастады.
   Бұл турнирге келген бала балуандардың дені аудандық жарыстардың жүгінде жүр. Өйткені, жастары әлі кіші, бірақ болашағы зор деп білеміз. Ең бастысы, үлкен спорттағы манбасын жалғастырып, жарыс жолында жүрсе әлі талай тұғырдан көрінетіні ақиқат. Бүгінгі жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Спорт сүйген жас өрендерге тек қана толағай табыс пен жеңісті күндер тілейміз. Еліміздің болашағы жастардың қолында. 

30 қараша 2022 ж. 241 0