» » Әлем чемпионатынан жерлесіміз қола жүлдені иеленді

Әлем чемпионатынан жерлесіміз қола жүлдені иеленді


Ақтөбе қаласында өткен  «Өнер орталығы» сарайында тоғызқұмалақтан VI-шы әлем чемпионаты өтті.


Дүбірлі доданы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзінің құттықтау сөзімен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, ҚР МСМ, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов және Парламент мәжілісінің депутаты, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұловтар де өз сөздерінде ұлттық спортымыздың әлемге танылуы үшін атқарылып жатқан игілікті іске ризашылықтарын білдірді.

Осыдан кейін Ералы Лұқпанұлы мен Әлихан Мұхамедұлы тоғызқұмалақ тақтасынан алғашқы жүрістерді жастап, әлемдік бәсекені бастап берді.

Әлемнің 20-ға жуық елінен 80 спортшы қатысып жатқан байрақты бәсекеде ел намысын тоғызқұмалақтың рапид түрінен жерлесіміз тоғызқұмалақтан аудан құрама командасының аға жаттықтырушысы Ермұхамед Әлайдар 3 орынды иеленіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.


28 қараша 2022 ж. 253 0